jasqazaq.kz

ҚР СІМ: Кореяда үйсіз-күйсіз жүрген қазақстандықтар аз емес

14 желтоқсан 2017, 17:53

Қазақстан мен Оңтүстік Корея екіжақты визасыз режимді енгізгеннен кейін қазақстандық имигранттардың саны күрт өсті, деп xабарлайды ҚазАқпарат. «Мәселен, ағымдағы жылдың ортасында Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға заңсыз көшіп барғандардың саны 5 500 адамды құраса, жылдың аяғына қарай аталған көрсеткіш 6 500-ден асты.

Былайша айтқанда, ол жақта заңсыз еңбек мигранттарының саны күрт көбейді», — деді ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мадиев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Оның айтуынша, қазақстандықтар Оңстүстік Кореяда заңсыз жүргеннен кейін сан алуан жағдайларға тап болады. Қылмыс жасайды. «Адам өлтіруден бастап зорлық-зомбылық, өрт салу мен ұрлыққа дейін барады. Қаңғыбас болып кеткендер де бар. Кореяның ақпараты бойынша қазір қара риэлторлар тобы бар. Олар қазақстандықтарды жинап, Кореяға заңсыз жұмысқа жіберіп отырады. Ондай адамдар қара жұмыс істеп, жан түршігерлік жағдайда өмір сүреді. Оларда ешқандай еңбек келісімшарты да, ешқандай медициналық сақтандыру да болмайды. Жарақат алса да, елге оралмайды. Қаңғыбас болып жүре береді», — деп атап көрсетті А.Мадиев.

 

Бүгін, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
Бүгін, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды