Қостанайда төтенше жағдай болды, — деп хабарлайды ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.
ҚР ІІМ ресми өкілінің мәліметінше, бүгін таңертең полиция қызметкері жалдамалы пәтерде қызғаныштан құрбысын өлтіріп, артынша өзі асылып қалған. Ол балконнан асылып қалған күйі табылған. Оқиғаның басқа мән-жайы анықталып жатыр.