jasqazaq.kz

Қостанай тұрғыны банкпен соттасып жеңіп шықты

30 наурыз 2018, 15:28

Қостанай қалалық соты банктен алған қарыз келісімшартын жарамсыз деп тану туралы қала тұрғынының арыз-шағымын қарады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Сот материалдарында көрсетілгендей, 2013 жылы шағымданушы мен банк арасында келісімшарт жасалған. Шартқа сәйкес шағымданушы ай сайын банк қызметі үшін 4200 теңге көлемінде комиссия төлеуі керек болған. Шағымданушы келісімшартты негізсіз деп танып, қосымша төлемді банк заңсыз түрде алып келгеніне байланысты сотқа арызданады. «Шағымданушы бұл төлемді заңсыз деп есептеп, комиссияны төлеу және банктен ұсталатын соманы қайтару бөлігінде несие шартын жарамсыз деп тану туралы сотқа талап қойды», — деп түсіндірді ведомство. Сот шағымданушының талаптарын толығымен қанағаттандырды.

25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр