Қостанай облысында соңғы жылдары отызға жуық ауыл жойылып кеткен (Видео)

23 маусым 2022, 10:18

Қостанай облысында соңғы жылдары отызға жуық ауыл жойылған. Биыл тағы бірнеше елдімекенге қауіп төніп тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Келешегі бұлыңғыр өлкенің бірі — Жаңа ауыл. Қарабалық ауданына қарасты елдімекен. Шалғайдағы ауылға былтыр өзге өңірден бірнеше отбасы көшіп келді. Батыстан қоныс аударған азаматтар тозған ауылды түлетуге атсалысып жатыр.

Шекара шебіндегі Жаңа ауыл карта бетінен жойылудың алдында тұр. Елдімекенде он шақты үй қалған. Ендігі үміт — оңтүстік пен батыстан келетін келелі көште. Алтынбек Есполов мұнда екі жыл бұрын көшіп келген. Батыстан астықты өлкеге ат басын тіреген азамат ата кәсіппен айналысады.

«Бүгінге 150 бас қой бар. Болашақта бұйырса 800 басқа дейін жеткіземіз. Ірі қара ұстаудың пайдасы шамалы. Қазір сүтті 120-130 тенгеден қабылдайды. Ауылдардағы ең бірінші мәселе сол сүттің бағасы болып отыр. 160-180 тенгеге дейін көтеру керек. Сонда тиімді болады», -дейді шаруа Алтынбек Есполов.

Байырғы тұрғындар батыстан көшіп келгендерге құшағын айқара ашып, қарсы алды. Елге ел қосылып, құт қонып, туған өлке қайта түлесе деген үміт пайда болды дейді жергілікті жұрт.

«Баяғыда дүркіреп тұрған ауыл еді ғой. Сол, қимай отырмыз, міне. Бәрі құрып жатыр. Ауылда жұмыс болмаған соң бәрі жан-жаққа кетті. Мектеп жоқ, дүкен жоқ. Әйтеуір нан әкеледі, оған да ризамыз. Көқшіп келіп жатқандар ауылды дұрыстай ма деп үміттеніп отырмыз», — дейді «Жаңа ауыл» ауылының тұрғыны Ғалия Апенова.

Халық құрдымға кеткен ауылды құтқарып қалу үшін барын салуда. Төскейге түлік өргізіп, әлеуметтік жағдайды жақсартқысы келеді. Тек билік жайылым мен шабындықты кеңейтіп берсе деген тілек бар.

Бүгін, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді