jasqazaq.kz

Қостанай облысында қарғын судан зардап шеккен аудандарда балаларды оқытуды қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылдануда

29 наурыз 2024, 16:19

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелді аудандарында су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жариялануына байланысты облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында білім беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
Қызылжұлдыз ауылында тұрғындарды эвакуациялау жүргізілді, балалар Арқалық қаласындағы туыстарының отбасыларына орналастырылды. Барлық балаларға қауіпсіз жағдай жасалған.


Ауылдың 40 оқушысы үшін оқу процесі 4 тоқсанда екінші ауысымда Арқалық қаласының №5 ЖББМ ұйымдастырылады. Қызылжұлдыз ЖББМ-нің 14 мұғалімі өз оқушыларына сабақ береді. Оқулықтармен және кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Бүгінгі күннің соңына дейін балалар үшін киім сатып алынады.
Жангелді ауданында Көлқамыс ауылынан көшірілген Нұрманов атындағы мектептің 44 оқушысы 19 шақырым жерде орналасқан Көкалат ауылындағы Албарбөгет мектебінде оқитын болады. Олар да барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген.


Балаларға киім, оқулықтар, кеңсе жарақтары жалпыға бірдей білім беру қорынан сатып алынады, бұл үшін қаражат жеткілікті.«Бірінші сәуірге дейін барлық балаларды киіммен, оқулықтармен, кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз ету қажет. Біздің міндетіміз — оқушылардың үздіксіз білім алуына барлық жағдай жасау. Ол үшін барлық ресурстарды қосамыз», — деді Құмар Ақсақалов.
Балаларға арналған барлық керек-жарақтар жалпыға бірдей білім беру қорынан сатып алынады, бұл үшін барлық қажетті қаражат бар.

JQ-Aqparat

Суреттер: Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?