jasqazaq.kz

Қорқынышты Моmо-ның шындығы ашылды (фото)

08 тамыз 2018, 10:05

Желіде Момо есімді монтаждалған қыздың суретіне қатысты түрлі алып-қашпа әңгіме тарап жатыр. Онымен WhatsApp арқылы сөйлесуге болады.

Ол өзімен сөйлескен адамға қатысты кез келген мәліметті біліп алатын көрінеді, — деп хабарлайды MediaLeaks. Ал кейбір елдерде Момо қауіпті хакерлік қатер делініп, онымен күрес жолдары да қарастырылып жатыр екен. Себебі ол бұрындары елду шулатып, балалардың өліміне әкеп соққан Көк кит ойынына ұқсас делінді. Момо туралы алып-қашпа әңгімелер бастапқыда испан интернетінде пайда болған. Оның шарты былай: адамның үрейін туғызатын қыздың суреті бар қолданушыны WhatsApp желісінде тауып алып, оған өз тіліңізде хабарлама жазу керек. Ол өз кезегінде сіздің тілде жауап беріп, артынша түрлі қорқынышты тапсырмалар бере бастайды. Момо туралы қауесеттер шілде айының ортасында Reddit есімді қолданушының сурет салғанынан кейін тарай бастаған. Сөйтсек, Момо образы 2016 жылы жасалып қойыпты. Бұл мүсінді арнайы эффектілер жасаумен айналысатын Link Factory жапон компаниясы дайындапты. Ол тұңғыш рет 2016 жылдың 17-27 тамызы аралығында өткен Vanilla Gallery көрмесінде көрсетіліпті. Бұл мүсіннің атауы — «Құс әйел» және қытай мен жапон мифологиясынан шыққан. Мифология желісі бойынша, жүкті кезінде қайтыс болған әйел енді жаңа образда бөтен балаларды қорғап жүреді. Көрмеде түсірілген суреттер образдың аяқ-қолы бар екенін аңғаруға болады.

tengrinews.kz

23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті
20 қыркүйек, 23:04
PRO.NRG Fest 2025: Тамыры тереңнің бұтағы биік
20 қыркүйек, 12:12
Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі