jasqazaq.kz

Қолдан жасалған жеке куәліктермен кредит алған қыз ұсталды

15 желтоқсан 2017, 11:21

Қолдан жасалған жеке куәліктермен кредит алған қыз ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz Бостандық аудандық ІІБ жанындағы полиция бөлімінің басшысы Тимур Өсекбаев айтты.

Оның мәліметінше, ұсталған әйелдің есімі — Камилла Бишбаева. 1981 жылы дүниеге келген, Алматы облысы Қарасай ауданында тұрады, Өзбекстан тумасы.

«2014 жылдан бастап түрлі жеке куәліктерді сканерден өткізген соң онда өзінің суретін жапсырып, принтермен шығарып, кейін ламинаттаған. Осылайша, ол сол құжаттармен несие рәсімдеп, тауарлап алып жүрген: ұялы телефондар, тұрмыстық техника және тағы басқалары. Қазіргі уақытта оның 12 алаяқтық дерегіне және 10 жалған құжат рәсімдеу дерегіне қатысы бары дәлелденді», — деп хабарлады Тимур Өсекбаев.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі бойынша («Алаяқтық») қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Бүгін, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
Бүгін, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды