jasqazaq.kz

Қоғаммен ашық диалог – болашақ бастауы

06 наурыз, 18:07

Батыс Қазақстанда Облыстық коалиция мүшелері Казталов ауылындағы Казталов мектеп-лицейінің ұжымымен кездесіп, алдағы республикалық референдумға байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қатысушыларға «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» бастамасының мәні мен маңызы жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ референдумның елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтудағы, қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын күшейтудегі рөлі туралы кеңінен әңгіме өрбіді.

Кездесуге коалиция мүшесі, Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, БҚО Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Бауыржан Атауов қатысты. Ол өз сөзінде жаңа Конституция жобасында еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғау, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, еңбек қатынастарындағы теңдік пен қауіпсіздікті күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, ол еліміздің әрбір азаматы ел болашағына бейжай қарамай, алдағы референдумға белсенді қатысуы маңызды екенін айтып, педагогикалық ұжым өкілдерін саяси науқанға жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Кездесу барысында мектеп-лицей ұжымы өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын айтты. Ашық форматта өткен диалог барысында қатысушылар қоғамның дамуына қатысты түрлі мәселелерді талқылап, маңызды саяси науқанға бейжай қарамайтындықтарын жеткізді.

Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғам мен мемлекеттік бастамалар арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ халықтың өз пікірін еркін білдіруіне мүмкіндік береді.

Бүгін, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
Бүгін, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
Бүгін, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді