jasqazaq.kz

Қоғамдық кеңестің жұмысын заманға сай бейімдеу керек

13 желтоқсан 2017, 17:05

Алматы қаласындағы Қоғамдық кеңес өз қызметін тұрақты және жүйелі негізде жүзеге асырады. Негізгі ерекшелігі — әкімдіктен тыс жерде орналасуы. Бұл өте маңызды. Біз о бастан онда отырмаймыз деген шешім қабылдадық. Себебі, халықта «әкімдік ғимаратының ішінде отырса, ол әкімнің, мемлекеттік мекемелердің қарамағында болады, бұл әкімнің қоғамдық кеңесі» деген жансақ пікір қалыптасқан.

Шын мәнінде, қоғамдық кеңес әкімнің немесе мемлекеттік мекеме басшысының қарамағындағы емес, тәуелсіз кеңес. Кеңестің тағы бір ерекшелігі — «Алматы кеңесі» деген ресми сайты бар. Кеңестің қызметі, талқылаудағы мәселелер, ұсыныстары сол жерде жарияланады. 2016 жылдан бастап атқарылған жұмыстарды жұрт сайттан көре алады. Өз тарапымнан біршама дүниеге тоқталсам деген ойым бар. Бірінші мәселе — сайт мәселесі. Менің ойымша әрбір қоғамдық кеңестің міндетті түрде ақпараттық орталығы, яғни сайты болуы керек. Өкінішке қарай, барлық жерде мұндай емес. Әрине, бұл қосымша қаражат, қосымша адамның қызметін талап ететін шығар. Бірақ, ақпараттық сайттың болуы, менің ойымша, заман талабы. Себебі, күнделікті тұрақты түрде атқарылып отырған жұмысқа қатысты ақпаратты алу үшін халыққа орталық керек. Бір жүйе керек. Сонымен қатар, бұл жерде кеңестің мұрағаты қалыптасады. Бұл, сөзсіз, қоғамдық кеңестің қызметін жетілдіреді деп ойлаймын. Сондай-ақ мұндай кеңестер әлеуметтік желілерге де көңіл бөлу керек. Біз ақпараттық қоғамда, технологиялар дамыған заманда өмір сүріп жатырмыз. Кеңестердің жұмысын да осыған бейімдеу керек. Біздің Facebook әлеуметтік желісінде өз парақшамыз бар. Бұл парақшада қоғамдық кеңестерге, жиналыстарға, отырыстарға, тыңдауларға, даулы сұрақтарға, өзекті мәселерге қатысты ақпараттың барлығы толық түрде жарияланып отырады. Мысалы, 2016 жылғы қызметіміздің қысқаша есебін 5000-нан астам адам қарап, хабардар болған. Бұл жақсы нәтиже. Ақпаратқа қолжетімділік пен ашықтықтың айқын көрінісі. Сондықтан қоғамдық кеңестерде әлеуметтік желіде парақшалары болып, сол жерде толық ақпаратты беріп отыратын болса, сөзсіз жұмыстың тиімділігін арттырар еді. Одан бөлек, қоғамдық кеңестер азаматтардың құқықтары, бостандығы мен міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді қарастырып, ұсыныстар береді. Осы мәселе қазіргі уақытта талқыланып жатыр. Оған байланысты сан-алуан пікір айтылды. Кейбіреуі осы тармақты заңнан алып тастау керек, кейбіреуі өзгерістер енгізу керек деп есептейді. Менің ойымша, егер біз заң актілерін қарайтын пункті алып тастайтын болсақ, онда қоғамдық кеңес тек қана ұсыныс беретін мекеме болып қалады. Көптеген жиындардан ешқандай айырмашылығы болмайды. Сол себептен бұл функция кеңестердің құзырында қалу керек. Ол қоғамдық кеңестер үшін аса маңызды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Билік оң жақта, халық сол жақта, екеуінің арасы алшақтап кетті, ортасын дәнекерлейтін құзырлы органдар қажет, ортасын дәнекерлейтін азаматтар керек, құрылымдар керек» деп атап көрсеткен. Қоғамдық кеңес — дәнекерлеуші, билік пен қоғамды байланыстырушы құрылым. Оның құзырын одан әрі арттыру үшін құрамының сапасын арттыру қажет. Ол үшін белгілі бір деңгейде балама әдістеме жолдарын қарастыру қажет. Кеңес құрамының сапасы артқан сайын, қызметінің тиімділігі де арта түседі деп есептеймін.
Жалпы еліміздегі 229 қоғамдық кеңестің құзырын кеңейетін болса бүгінгіден де көп іс тынар еді. 2015 жылы «Қоғамдық кеңестер» туралы заң қабылданғаннан кейін Қоғамдық кеңестер өзінің жұмысын бастаған болатын. Сол кезде біз де Алматы қаласындағы Қоғамдық кеңестің құрамына өтіп, іске кірістік. Нәтижелі тәп-тәуір жұмыстарды атқарып жатырмыз деп ойлаймын. Бүгінде Мәжілісте өте өзекті мәселелер көтеріліп жатыр. Соның бірі — Қоғамдық кеңестің құзырын кеңейту. Яғни, қоғамдық кеңестің құзыры қазіргі уақытта — ұсыныс беру ғана болып отыр. Демек, қаланың дамуы немесе саланың өркендеуіне қатысты қоғамдық кеңес тек қана ұсыныс бере алады. Ал енді осы құзырды кеңейтетін болсақ, қоғамдық кеңес бүгінгі жасап жатқан жұмысынан да ауқымды істерді тындыратынына мен сенімдімін. Құзырды көбейту үшін қоғамдық кеңес бүгінгі заңның аясындағы қызметін нәтижелі түрде көрсете білуі керек. Яғни, Қоғамның жұмысы тек қана эпизодтық емес, тұрақты әрі жүйелі түрде жұмысының нәтижесін көрсетуі тиіс.

Дәурен Бабамұратов, «Болашақ»

республикалық қозғалысының және

«Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің

төрағасы

Бүгін, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды