jasqazaq.kz

Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңына енгізілетін түзетулер мақұлданды

14 желтоқсан 2023, 18:53

Бүгін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында мақұлданды.Заң жобасы «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» ҚР Президентінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 597 Жолдауын іске асыру мақсатында азаматтардың бірігу құқығын кеңейту бөлігінде әзірленген.
Нормаларға сәйкес, енді қоғамдық бірлестікті құру үшін үш адамнан құралған топ жеткілікті болады. Сондай-ақ заң жобасы елдің әкімшілік-аумақтық құрылымының өзгеруімен байланысты түзетулер енгізуді (жаңа облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларды құру) көздейді және Заң жобасынан «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қайталанатын нормалар алынып тасталады.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?