jasqazaq.kz

ҚМА: Жалған көмек сұраушыларға 660 мыңнан астам қазақстандық көмектескен

18 наурыз 2024, 12:01

Түрлі күмәнді мақсаттарға ақша жинауға 138 банктік карта (краудфандингке) тартылған, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
Жалған көмек сұраушыларға 660 мыңнан астам қазақстандық өз ақшаларын жолдаған.
Бұл туралы ҚМА алаңында Дмитрий Малаховтың төрағалығымен өткен Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) алдын алу және терроризмді қаржыландыру мен жаппай қырып-жою қаруын тарату мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің кезекті отырысы барысында белгілі болды.
Жалпы жиналған қаржы сомасы 6 млрд теңгені құрады, оның 33% (2 млрд) алаяқтық белгілері бар.
Әлеуметтік желілерде ұжымдық қаражат жинаудың қауіптері және оларды одан әрі мақсатсыз пайдалану анықталды.
ҚМА басшысы Д. Малахов жосықсыз азаматтар «ем» және «жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету» үшін қайырымдылық қызметі мен көмек көрсету түріндегі қаражат жинауды кедергісіз және бақылаусыз жүзеге асыратынын атап өтті.
Олар ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға, тұрмыстық шығындарға, букмекерлік кеңселерде бәс тігуге және шетелдегі қымбат пәтерлерді жалға алуға жұмсайды.
Жанашыр азаматтардың жақсы ниеті, «жалған» мұқтаждар үшін оңай табысқа айналуы мүмкін.
Отырысқа қатысушылар – АХҚО, қаржы реттеушілері және екінші деңгейлі банктердің өкілдері — краудфандингтік қызметті реттеу бойынша заңнамалық шараларды әзірлеу қажеттігін атап өтті.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?