jasqazaq.kz

Қазақстанның мәңгілік мүддесі бар

02 қыркүйек 2024, 18:16

Жолдауға — қолдау 

Дәл қазіргі сәт – жаһандық геосаяси картадағы алағай да бұлағай кезең екені белгілі. Әлемдік алпауыттар ғана емес, дамыған һәм дамушы «орта державалар» да ылдым-жылдым қаруланып, жаһандық қақтығыстар кеңістігіне бейімделуде. Ондағы жалғыз мақсат – мемлекеттің территориялық һәм саяси тұтастығы үшен күрес. Яғни, өмір сүру үшін күрес! Әлділерге жұтылып кетпеудің қамы. Сол тұрғыдан Қазақстан да өзінің Тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруі үшін, өзінің ел ішілік һәм сыртқы саясаттағы ұстанымдары, таңдап алған бағыт-бағдары үшін күреседі.
Бүгін Қазақстан халқына Жолдау жасаған Президент Тоқаев Қазақстанның ұстанатын өз сыртқы саясаты бар екенін қадап айтты.
«Қазақстан бейбіт және теңгерімді сыртқы саясатты қатаң ұстанып келеді. Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, шетелдегі азаматтарымыздың құқықтарын қорғау, ұлттық мүдделерімізді ілгерілету, экономикаға инвестиция тарту – дипломаттарымыздың басты міндеті», — деді Президент.
Яғни, Қазақстан сыртқы саясатта «бейбіт диалог» принципін қатаң ұстанады! Жаһандық қақтығыстарға араласу ниеті жоқ! Біз БҰҰ-да мойындалған территорияларды мойындаймыз һәм БҰҰ Жарғысын басшылыққа ала отырып саясат жүргіземіз.
Онан соң: «Қазақстан БҰҰ Жарғысын қатаң ұстана отырып, көп жақты ынтымақтастық орнатуға қашанда дайын екенін паш етіп келеді. Біз БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың терроризмге, экстремизмге, заңсыз көші-қонға, климаттың өзгеруіне және өзге де қауіп-қатерлерге қарсы күресу жолындағы талпыныстарын құптаймыз. Сондай-ақ БҰҰ бітімгерлік қызметін, қарусыздануға қатысты бастамаларын барынша қолдаймыз, қарулы қақтығыстарды дипломатиялық жолмен шешу қажет деп санаймыз», — деді.
Мұнда баса назар аударары – «біз қарулы қақтығыстарды дипломатиялық жолмен шешу қажет деп санаймыз!». Бұл да ақыл-миы дұрыс адамға тәптіштеп түсіндіруді қажет етпейтін сөз.
Әрі қарай – біздің сыртқы саясаттағы әріптестігіміз көп векторлылық бағытында. Яғни, еларалық әріптестігіміз түрлі халықаралық ұйымдармен және мемлекеттермен орныққан.
Президент Тоқаев: «Қазір әлемде қандай түбегейлі өзгерістер болып жатқанын білесіздер. Экономикалық, саяси, климаттық және басқа да жаһандық, аймақтық ауқымдағы қауіп-қатерлер аз емес. Осындай жағдайда күнделікті шаруамен қатар стратегиялық маңызы бар көптеген мәселені шешуімізге тура келеді… Әр іс елге деген жанашырлық ниетпен жасалуы керек. Әрбір қадамымыз елге пайдасын тигізуі қажет», — деді.
Бұл сөзді де Қазақстанға қарата шекара сыртынан түрлі елбұзар сөздерді қарша боратып жатқа айтатындарға арнауға болады. Айтпағымыз біреу: Қазақстанның өз саясаты, саяси бағыты бар! Жаһандық өркениетті қауымдастықтың мүшесі ретінде өз міндеті бар. Ол – бірінші кезекте өз мүддесі тұрғысынан әрекет ету!
Әйдік Черчильдің: «Мәңгілік дос та, мәңгілік дұшпан да жоқ. Тек мәңгілік мүдде бар», — дейтін сөзін осы жерге қолдансақ жөн шығар. Қазақстанның да өз мүддесі бар! Ол мемлекеттік тұтастығы, территорияның бүтіндігі һәм халықтың түзу тұрмыс-тіршілігі!

Нұргелді Әбдіғаниұлы

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда