jasqazaq.kz

Қазақстаннан ұрланған ақша Швейцария банкінен табылды

04 сәуiр 2018, 11:32

Қазақстаннан ұрланған 1,3 миллион доллар Швейцария банкінен табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы қылмыстық жолмен алынған және елден тысқары жерге заңсыз шығарылған мүлікті қайтару бойынша жұмыс нәтижесінде RothschildBankZurich швейцарлық банкінен 1,3 миллионнан астам АҚШ доллары көлеміндегі «тыйым салынған» ақшалай қаражатты анықтады», — делінген ведомство хабарламасында. Сөйтсе, қаржы М. Абдралиевке тиесілі екен, ол 2012 жылдан бастап халықаралық іздестірілуде. М. Абдралиевке «Қорғас ісі» бойынша қылмыстық қауымдастықтың мүшелері Т. Жақаевқа, И. Әбдірахмановқа және Б. Құрманалиевке шет елде ақшалай қаражатты заңдастыруға көмектесті деген күдік келген. Осыған байланысты, прокурор швейцарлық банктегі ақшалай қаражатты тәркілеу туралы өтінішхатты сотқа жолдап, биылғы 29 наурызда Алматы қаласының Алмалы аудандық соты прокурордың өтінішхатын қанағаттандырды. Одан басқа, бұл қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында «ТАТ Кредит» ЖШС-ның кеңсесін тінту кезінде М. Абдралиевке тиесілі 762 мың АҚШ доллары және 915 мың теңге алынғаны айтылады. Осыдан кейін прокуратура ақшалай қаражатты тәркілеу үшін сотқа тиісті өтінішхат жолдаған. Нәтижесінде прокуратура органдарының бастамасы бойынша 2,1 миллионнан аса АҚШ доллары мемлекеттің пайдасына тәркіленген. Айта кетейік, қылмыстық-процестік заңнамаға өзгерістердің енгізілуіне байланысты биылдан бастап үкім шыққанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлік тәркілеуге жатады.

Бүгін, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бүгін, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
Бүгін, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
Бүгін, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр