Қазақстан жаңа тарихи белеске қадам басты

06 шiлде, 15:49


Референдум негізінде жүзеге асып жытқан Конституциялық реформа еліміздің мемлекеттік құрылымының тұғырын нығайтып, азаматтық қоғамның дамуына жол ашып, жалпыұлттық диалогты орнықтырады.
Мемлекет басшысы қазақстандықтардың алдындағы жеті жылдық мақсат-міндеттерді айқындап берді. Бұл – біздің жақын болашақта дамуымыздың стратегиялық бағытын айқындаған бағдар.
Еліміз экономика, әлеуметтік сала мен өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістерді бастап жатыр. Мемлекеттік биліктің кез-келген өкілі алдында үлкен парыз — іске асып жатқан реформалар арқылы халықтың мұң-мұқтажына тиімді жауап беріп, сырттан келетін сын-қатерлердің алдын алуға мүмкіндікті күшейту.
Президент бастамаларының табысты іске асуы заңнамалық базаның өзгеруіне ғана емес, халыққа түсіндіру жұмыстарының қаншалықты сапалы жүргізіліп жатқанына да байланысты. Сондықтан мәслихаттар мен Сенат осы бағытта өзара белсенді іс-қимыл жасауы тиіс. Сондай-ақ, жергілікті деңгейдегі өзекті мәселелер және қолданыстағы заңнаманың халық үшін тиімділігі жіті назарда болғаны жөн.
Әлеуметтік әділдіктің негізі – уақыт талабына сай келетін заңдар, сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күрес, азаматтардың еңбекқорлығы және жастардың озық білімге ұмтылысына барлық жағдайды жасау. Биліктің кез-келген тармағы осы тұжырымды жүзеге асыру үшін барлық жағдайды жасауға тиіс.
Біздің басты мақсатымыз – өткеннен сабақ алып, жіберілген қателіктерді түзетіп, қордаланған мәселелерді шешу.
Өткен жылдың қаңтарында өткен Парламент Сенаты сайлауы кезінде «ЕҢСЕЛІ ЕЛОРДА – ЕЛ ИГІЛІГІ, SMART АСТАНА – ЖАЙЛЫ ӨМІР КЕПІЛІ» сайлау алды бағдарлама ұсынған едім.
Еуразия кіндігінде орналасқан елордамыз – еліміздің жүрегі. Ел әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуының локомотиві. Қазақстанның – әлем алдындағы айнасы.
Сондықтан АСТАНА — ЕҢ ЖАЙЛЫ, ЕҢ ҚАУІПСІЗ, ЕҢ ,,АҚЫЛДЫ,, ҚАЛА болу керек.
Осы мақсатта бірнеше бағыттар бойынша міндеттерді сайлауалды бағдарламаға негіз етіп алдым.
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ
Астана қаласының жағрафиялық, экологиялық, табиғи жағдайына байланысты инфрақұрылымдық мәселелерге баса назар аударуды талап етеді.
Жыл өткен сайын кезінде үш жүз мың ғана тұрғыны бар шахар, қазір 1.5 млндық үлкен мегаполиске айналып келе жатыр. Жақын келешекте қала халқы екі млннан асады деген болжам бар. Сондықтан ең бірінші кезекте шешілуі тиіс мәселе елордамызда ауыз су тапшылығының алдын алу болды.
АУЫЗ СУ
Су қаланың ғана емес, елдің дамуының негізгі факторы болып табылады. Болжамдарға сәйкес, 2030 жылға қарай елордада ауыз суды тұтыну жылына 153 миллион текше метрге дейін артады. 2030 жылға қарай тұрғын үй 37,2 млн шаршы метр болады деп күтілуде (өсім 16,5 млн шаршы метрге артады). 2030 жылы қоғамдық құрылыстың ауданы 25 млн шаршы метрге дейін өседі деген болжам бар.
Астанада демографиялық өсім қарқынмен өсуі, ішкі миграция салдарынан тұрғындар санының көбеюі, жаңа тұрғын үй кешендерінің, шағын өндірістердің қосылуы мен су ресурстары жыл өткен сайын азаюда.
Сондықтан жаңа сорғы, сүзгі стансаларын салу міндеті тұр. Әлемдік соңғы технологиялар мүмкіндігі негізінде, суды үнемдеу, тіпті пайдаланған суды көгалдандыру бағытында екінші мәрте пайдалану тәсілдерін Елордамызда енгізу жақын болашақтағы міндетіміз. Сондай-ақ, ҚАЛАЛЫҚТАРҒА СУ РЕСУРСТАРЫН ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ міндеті тұр.
ЖЫЛУ
Елорданың ұзақ мерзімді перспективада өмірін қамтамасыз ету үшін инженерлік желілер бойынша бірқатар мәселелер шешілуге ​​тиіс. Оның ішінде жылу, электр қуаты және нөсерлі канализация мәселелері.
Жылумен жабдықтау кәсіпорындар мен азаматтардың кең ауқымын қамтитын негізгі қызмет көрсету саласы болып табылады. Сондықтан оның жағдайы қоғамның әл-ауқатын, әлеуметтік тұрақтылықты және жалпы ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін анықтайды. Жылумен жабдықтау нарығын дамытудың негізгі міндеттерінің бірі инвестиция тарту болып табылады. Бұл салаға инвестиция салудың бірқатар артықшылықтары бар, бірақ ол әлі де өте төмен деңгейде деп ойлаймын. Отандық жылумен қамтамасыз ету қалай ұйымдастырылатыны, бұл саланың қандай проблемалары бар, тарифтерді белгілеудің жаңа әдістері не үшін қажет екендігі әлі де толық зерттеу мен зерделеуді қажет етеді. Жылумен жабдықтау секторын цифрландыру және автоматтандыру деңгейін арттыру принципті маңызды, басымдықты инвестицияларды анықтау үшін бізге жылумен жабдықтау инфрақұрылымының жай-күйі, ысырап деңгейі, тұтынылатын жылу энергиясының саны мен сапасы туралы объективті деректер қажет.
Елордамыздағы жылу желілері кешенінің тұрақты әрі сапалы жұмысына халықтың сенімділігін арттыру және осы ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ИЕЛЕРІ МЕН ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ МҮДДЕЛЕРІНІҢ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІН САҚТАЙ ОТЫРЫП, қаланы жылумен жабдықтау нарығын тиімді қалыптастыру қажет.
Одан кейін ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫНА ТАРИФТЕРДІ белгілеу кезінде жылу мен электр энергиясы компаниялары және тұтынушылар топтары арасындағы тарифтердегі негізсіз айырмашылықтардан, тиімсіз тарифтік тәсілдерден бірте-бірте бас тарту қажет.
Жылумен қамтамасыз етудің баламалы көздерін төмен шығынды жылуды пайдаланудың озық тәжірибесін тарту мүмкіндіктерін қарастыру, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінің тиімді жұмыс істеуі мен дамуы үшін экономикалық ынталандыруды жасайтын жылумен жабдықтау саласындағы қатынастарды ырықтандыру керек.
Түсінікті принциптерге негізделген тарифтерді белгілеудің түбегейлі басқа әдістеріне көшу қажет.
Бұл қаланың бүкіл экономикасын неғұрлым сауатты жоспарлауға әкелуі сөзсіз.
ЭКОЛОГИЯ
Жыл сайын жеті миллион адам ауаның ластануынан өледі. Газдың ластануынан туындаған ауруларды емдеуге жылына шамамен 1 триллион доллар кетеді.
Қазақстандағы ең лас қалалар көшін Астана бастап тұр. Ауаның ластануы халықтың денсаулығына ғана емес, қоршаған ортаға да үлкен қауіп төндіреді.
Ширек ғасырға жуық уақыттың ішінде шағын қаладан ірі мегаполиске айналған, қысы 6 айға созылатын елорда ауасының ластануына жылу электр орталықтары мен жеке тұрғын үй секторы өте үлкен үлес қосып отырғаны белгілі. Елордамыздың электр энергетикасы алдында тұрған өзекті міндеттердің тағы бірі экологиялық мәселелерді шешу болып табылады. Энергетикалық объектілердің қоршаған ортаны ластауға нақты үлесін талдау, жоспарлы көрсеткіштерді анықтау қажет.
Энергетика саласының қоршаған ортаға кері әсерін азайтудың негізгі бағыты жақын арада ең жақсы қолжетімді технологияларын енгізу, ескірген шағын қазандықтарды заманауи жылу электр станцияларына ауыстыру болуы керек. Бұл проблеманы шешудің тағы бірден бір жолы – газдандыру. Жекеменшік секторды газдандыру жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінде ашық мәлімет көздерінде көрсетілгендей, Алматы мен Сарыарқа аудандарындағы жеке үйлер толығымен газдандырылған. Оларға 680 шақырымнан астам газ тарату желісі салынды. Байқоңыр мен Есіл аудандарын газдандыру жұмысы кезең-кезеңмен іске асырылуда. Қазіргі уақытта елордада 30 мың жеке тұрғын үйдің 14 мыңына газ қолжетімді болса, шамамен 4 мың отбасы көгілдір отынның қызығын көріп отыр. Жалпы, 2024 жыл соңына дейін қала 100 пайыз газдандырылу жоспары бар.
Қала экологиясына кері әсер етіп отырған мәселенің бірі – әртүрлі қуат көздерін пайдаланатын көліктің көптігі. Қаладағы сапалы әрі жылдам қоғамдық көлікті пайдаланушыларды көбейту арқылы да экологиялық мәселені біршама азайтуға болады. Жеке көлікті қаншалықты азайса, жану өнімдері атмосфераға соғұрлым аз түседі. Сонымен қатар, бұл қаладағы кептелістерді азайтуға көмектесетіні сөзсіз.
Жергілікті билікпен бірлесе ауа сапасы мен климаттың өзгеруіне қатысты кешенді саясатты енгізу жолдарын қарастыру да керек. Астана Орталық Азиядағы бензинмен және дизельдік отынмен жүретін автокөліктерден бас тартқан алғашқы қала болады деп ойлаймын. Ол үшін электро мобильді көліктерді барынша көп пайданануға салық және басқа қосымша жеңілдіктер қарастырылған жөн. Сондай-ақ, қаладағы тұрмыстық және өнеркәсіптің қалдықтарын азайту шаралары маңызды. Заманауи қалдық өңдеу зауыттары қосымша іске қосылса, қала тазалығына айтарлықтай оң әсер етері айқын.
Аса назар аударатын тағы бір мәселе, астаналықтардың тазалық, экологиялық мәдениетін көтеру бағытында кешенді жұмыстар қолға алынатын кез келді. Қоғамдық көлікті пайдалану, велосипедпен жүру, тұрмыстық қалдықтарды азайту, энергияны үнемдеу және жасыл аумақтарды кеңейту сияқты қарапайым әрекеттер атмосфераға зиянды газдардың шығарылуын азайтуға әкеледі.
Біз білім берудің барлық деңгейлерінде – балабақшалардан бастап жоғары оқу орындарына дейін экологиялық білім беру сапасын арттырудың тәсілдерін түбегейлі қайта қарастырамыз
Қалада тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, тапсыру мәдениетін қалыптастыру, осы бағытта тұрғындарға стимул беретін тетіктер ойластыру, қалада шыны, пластмасс бөтелкелер қабылдайтын автоматтарды жаппай орнату, тб шараларды қолға аламыз.
ЖОЛ-КӨЛІК
Тұрмыстық деңгейдегі қалалық көлік инфрақұрылымының мәселесі өте қарапайым сипатталған: қалаларда көліктер тым көп, ал жолдар жоқ. Және олар әдетте кеңеймейді. Жалпы, қаланың көлік инфрақұрылымы төрт негізгі проблемамен сипатталады: біріншіден, бұл көлік паркінің жағдайы, жылжымалы құрамның және онымен байланысты инфрақұрылымның тозу деңгейі. Екіншіден, бұл елордамыздағы көлік санының артуы, қозғалысты ұйымдастырудағы проблемалар. Үшіншіден, бұл көлік мәселелерін шешуге деген көзқарас, осы мақсаттарға бөлінетін қаражат көлемі. Төртіншіден, жалпы көлік саласын дамыту. Көлік ,,ақылды,, болуы керек. Яғни, ең алдымен, қолданыстағы көлік жүйесін басқаруға неғұрлым ұтымды, ,,ақылды,, көзқарас қажет. Жолаушылар санын, кептеліс аумағын, алдын ала мезет сайын есептеп, кейбір бағыттар бойынша жоғары жылдамдықты, кейбір бағыттар бойынша сирек аялдамалар жүйесін енгізу , бастысы астаналықтардың қоғамдық көлікті пайдалануға қызығушылығын арттыру керек.
Автомобильдер тиімсіз көлікке айналуы керек, адамдар қоғамдық көлікті таңдауы керек.
Жаңа тұрғын аудандарда жұмыспен қамтамасыз ету, демалыс, білім беру, денсаулық сақтау объектілеріне де назар аударылып, қалалықтардың жолда жүруін біршама азайтуға болады.
БІЛІМ – БОЛАШАҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ
Астананың білім беру саласындағы өзекті мәселе – мектеп, бала бақшаларының жетіспеушілігі. Қаладағы тұрғын үй кешендерінің құрылысына мектептер саны ілесе алмай жатыр.
Үш ауысымды, сыныпта 25оқушыдан көп мектептер мәселесін шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен кешенді шаралар қолға алынған.
Бұл өткір мәселені шешуге бюджет есебінен құрылыс жүргізумен қатар жеке секторды тарту қажет.
Бүгінгі білім – ертеңгі экономика негізі. Бүгінгі білім болашақтың экономикасына негізделуі керек. “Жайлы мектеп” бағдарламасы бойынша Астана заманауи мектептермен толықты.
,,Балаларға ерте кәсіптік бағдар беру ерекше маңызға ие. Өскелең ұрпақ болашақ мамандықты таңдауда саналы болуы керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қаладағы кәсіптік бағдар беретін заманауи оқу орындарын көбейтіп, олардың жабдықталуына, жатақханамен қамтасыз етілуіне баса назар аудару керек.
Бізде бір үйлесімсіздік бар. Адамдарды бір мамандыққа даярлаймыз, ал олар басқа мамандыққа сұранысқа ие. Кәсіптік бағдар берумен қатыр, жұмыс берушілер мен оқу орындары арасындағы сұраныс-ұсынысты жүйелендіру керек. Бұл жұмыссыздық мөлшерін де біршама азайтары сөзсіз.
Қазір астанамызда мөлшермен 70 мың NEET санатындағы жастар бар. Оларды жұмыспен қамту ең маңызды міндеттердің бірі.
Біз қазір қанша талантты – суретшілерді, музыканттарды,спортшыларды, өнертапқыштар жоғалтып отырмыз. Балаларды дамыту керектігі туралы көп айтамыз. Алайда, елордамыздың өзінде бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жетімсіз. Қаншама балалар мен жасөспірімдер қазір өмірін смартфонда өткізіп жатыр. Сондықтан, балаларды дамыту орталықтарына барынша назар аудару керек. Жаздық дамыту лагерьлеріне көңіл бөлу де маңызды. Астана қаласына екі Оқушылар Сарайы аз екені сөзсіз. Кем дегенде әр ауданда еңселі бірнеше мың орындық Оқушылар сарайын салу мүмкіндігін жақын уақытта қарастырған жөн.
Тағы бір өзекті мәселе – мұғалімдер білімін заман талабына орай , үздіксіз жетілдіру мүмкіндігін жақсарту. Астана қаласында Ұстаз Үйін салып, онда үздік-новатор мұғалімдер тәжірибесімен бөлісіп тұру мүмкіндігін қарастыру.
ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ
Соңғы жылдары Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде ауқымды оң өзгерістер жасалып, оның нәтижелерін қазірден-ақ көріп жатырмыз. Елордамыздағы медициналық жетістіктер арқасында елімізге медициналық туризм қадамдары да жасалып жатқаны белгілі.
Дегенмен, әлемдегі және біздің елімізге де тән трендтер барымызға тоқмейілсуге болмайтынын көрсетіп отыр.
Бірінші тенденция – халықтың қартаюы. Қазір әлемде 65 жастан асқан 650 миллионға жуық адам тұрады. 2030 жылға қарай олардың саны 1 миллиард адамға дейін артады. Қазір барлық медициналық шығындардың үштен екісі 55 жастан асқан адамдарға тиесілі екенін ескерген жөн. Бұл дүние жүзіндегі, оның ішінде біздің де денсаулық сақтау жүйесіне түсетін салмақтың айтарлықтай артады деген сөз.
Екінші тренд — созылмалы аурулардың көбеюі. 2030 жылға қарай созылмалы дертке шалдыққандар саны 30 пайызға дейін артады деп күтілуде.
Үшінші тренд — денсаулық сақтау шығындарының артуы. Жыл сайын Үкімет бюджеттен денсаулық сақтау жүйесіне көбірек ақша жұмсауға мәжбүр. Статистика көрсеткендей, дүние жүзінде денсаулық сақтау шығындары жыл сайын 4%-ға өседі.
Төртінші тренд – медициналық кадрлардың тапшылығы. Қазірдің өзінде көптеген елдер білікті медициналық кадрлардың тапшылығына тап болуда. Және дамушы елдер де, бай елдер де. 10 жылдан кейін бүкіл әлем бойынша медициналық қызметкерлердің тапшылығы шамамен 15 миллион адамды құрайды.
Он жыл бойы оқып, өмір бойы білімін жетілдіруі тиіс дәрігерлердің жалақысы шаштараз бен такси жүргізушілерімен бірдей кейде тіпті кем болуы ойға қонымсыз. Сондықтан білікті медициналық мамандарды ұстап тұратын жаңа мүмкіндіктер қарастырған дұрыс.
балалардың денсаулығын нығайту және аурудың алдын алу. «Біз балалардың денсаулық сақтау бюджетін ұлғайтқымыз келеді.Отбасын жоспарлаудан бастап, бала ересек болғанға дейін қауіпсіз босануды күшейту.
Денсаулық сақтау жүйесі екі негізгі құрамдас бөліктен тұрады. Біріншісі – науқастар ауырған кезде медициналық қызмет көрсету және оларды емдеуге қаражат жұмсау қажет. Екіншісі – аурудың алдын алу, бар денсаулықты сақтау, оған алғашқы медициналық-санитарлық көмек кіреді. Өкінішке орай, әлі де екіншісіне өз деңгейінде назар аудармай келеміз. Бұл бағытқа бөлінетін бюджет те мардымсыз. Бүгінде азаматтардың өз денсаулығын күту және медициналық сауаттылық деңгейін арттыру қажеттілігі байқалады.
Өмірге дені сау ұрпақтың келуіне, алдын ала диагностиканы күшейтуге, баланы дүниеге әкелу жауапкершілігін арттыруға , жас сәби мен аналардың денсаулығын жіті назарда ұстауға, қаланың әр тұрғының медициналық паспортын толық жасауға, профилактикалық медициналық тексеру шараларын жүйелі түрде жүргізуге, балалар мен ересектерге арналған арнайы реабилитациялық орталықтар салуға қатысты елордамызда кешенді жұмыстар жасалу керек.
БАСПАНАМЕН ҚАМТУ
Соңғы 10 жылда Астана халқының саны 59%-ға өсті.
Астанада тұрғын үй жетімсіздігімен қатар, бұған дейін ең үлкен мәселе үлескерлер проблемасы болатын. Биыл үлескерлердің 90 пайызының дерлік мәселесі шешілгені аян.
Қабылданған шараларға және азаматтардың басым бөлігінің тұрғын үй мәселелерінің шешілуіне қарамастан, тұрғын үйге мұқтаждардың кезектілігі тұрақты түрде артып келеді.
Ендігі мәселе – әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселелерін барынша қысқа мерзімде шешу, жастарды тұрақты жұмыспен қамту арқылы, арнайы мемлекеттік тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламалары шеңберінде және несие пайызын төмен ету мүмкіндігін қарастыра шешу қажет.
Инженерлік инфрақұрылымның болмауына байланысты онжылдықта алғаш рет елде тұрғын үйді пайдалануға беру мегаполистердің дамуының шектелуі. Нарық қатысушылары бұл тәсіл тұрғын үй «алаңдары» бағасының жаңа секіруіне әкеледі деген болжам бар.
Сондықтан ,,Аломерация туралы,, туралы заңға сәйкес, өңірлік деңгейде агломерацияның нақты мәселелерін шешу үшін қаланың және оған жақын орналасқан облыстың жергілікті атқарушы органдарының өзара іс-қимылының алаңдары ретінде жергілікті агломерация кеңестері құрылатын болады. Елорда әкімдігі қала маңындағы елді мекендердің сәулет-құрылыс саясатын әзірлеуге қатысып, Астананың тиімді дамуына мүмкіндік ашады деген сенім бар.
Астана қаласының азық-түлік белбеуін жасауға, елордалықтар мен қала қонақтарының қала сыртында демалатын жаппай спортпен айналысатын аумақтар, серуен, мәдени демалыс орындарын ашу да ескерілу керек.
АҚЫЛДЫ ҚАЛА
Цифрландыру өмір сүру сапасын жақсартады және азаматтар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететіні сөзсіз. Әкімшілік және шаруашылық, жеке қызметтердегі жұмысты барынша жеңілдетін, әлеуметтік қатынастарды өзгертіп, қауіпсіздік пен әділдіктің мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Біз әртүрлі органдарға хабарласпай-ақ, проактивті форматта мемлекеттік қолдау алуға байланысты адам өмірінің барлық салаларын қамтитын цифрлық отбасы картасын жасаймыз. Ақпараттық жүйе мемлекеттік көмекті мақсатты және әділ етеді.
Мақсат – Астанадағы өмірдің барлық саласына цифрлық технологияларды енгізуді қарқынды жалғастыру.
Елордамызда жасанды интеллект технологияларын, виртуалды және цифрлық активтерді және блокчейнді тарату жоғары деңгейде жүргізілуі керек.
Сондықтан Астананың барлық нүктесінде, қала маңында кең жолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету, ең ірі халықаралық IT-компанияларды тарту үшін заңнаманы жаңартып, IT-компанияларда мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашып, Еуроазиядағы ең қуатты ,,smart,, қалаға айналдырамыз.
ҚҰРМЕТТІ, ЖЕРЛЕСТЕР!
Елордамыз – Астана қаласы – Қазақстанның табыстарының жарқын көрінісі.
Келер жылы елордамызға жиырма бес жыл болады.
Ширек ғасырда Астана әлемдік картада өз орнын ойып алып, қазақстандықтардың мақтанышына айналды.
Астанамыздың әр жетістігіне әрқайсыларыңыздың еңбектеріңіз, белсенді іс әрекеттеріңіз бен біліктіліктеріңіз, сындарлы азаматтық ұстанымдарыңыз арқылы қол жеткізілді. Сол үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді.
Біз бұдан былай да алдымызға барлық қалалықтардың өмірін жақсартатын прагматикалық мақсаттар қоямыз. Жергілікті биліктің күші мен тәжірибесі, елордалық азаматтық қоғамның күш-жігері осы мақсаттарға жетуге тоғыстыра отырып, Астанамызды одан сайын жан-жақты көркейтіп, әлемдегі ең қолайлы да, ,,ақылды,, да, жарқын қалалар санатына қосатынымзға сенімдімін.
Біз қала халқын толғандырған мәселелерді анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын қалыптастыратын боламыз.
Мемлекет басшысының бастамасымен енгізілген саяси өзгерістер және қабылданған заңдардың аясында мәслихаттарға жаңа құқықтар, жаңа құзіреттер берілуде. Бұл үрдіс ары қарай да жалғасатын болады. Сондықтан алдағы уақытта жергілікті өкілді органдардың жұмысы қазіргіден де жандана түседі деп сенеміз. Осы бағытта аса маңызды заң жобаларын қарауға мәслихаттар депутаттарын белсенді түрде қатысуға шақырамын.
Біз міндетті түрде алға қойылған міндеттерді бірге шешеміз және жұмысымыздың нәтижесін – қала тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын айтарлықтай артуынан көретін боламыз.
Қазіргі кезеңдегі әлемдік те, елдегі де күрделі кезең сындарынан сүрінбей өтіп, біз барлық мақсат-мұраттарымызды шындыққа айналдыра алатынымызға сенімдімін.

ЕҢСЕЛІ ЕЛОРДА – ЕЛ ИГІЛІГІ, SMART АСТАНА – ЖАЙЛЫ ӨМІР КЕПІЛІ болатындай мықты қаланы бірге құрайық!

Бибігүл Жексенбай, Сенат депутаты

30 тамыз, 23:58
Түркістан: Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жедел кеңес өтті
30 тамыз, 23:55
Түркістан полициясы Конституция күнін атап өтті
30 тамыз, 23:53
Түркістан облысында Конституциямен құрдас 140-тан астам полицей қызмет етеді
30 тамыз, 23:51
Түркістан полициясы Конституция күніне орай бірқатар іс-шара өткізді
30 тамыз, 1:50
Түркістан: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
28 тамыз, 19:46
Түркістан: Мереке қарсаңында 180-нен астам полиция қызметкері марапатталды
28 тамыз, 14:57
Түркістан: Арыс ауданында профилактикалық іс-шаралар өтуде
27 тамыз, 15:06
Бекзат Бекжанұлы: Қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетіміз
26 тамыз, 15:52
Түркістан: Мопед тізгіндеушілер, мал ұрлығы және жоғалған бала