Қазақстан мен Қатар энергетикада бірлескен жобаларды іске асырады

14 ақпан, 20:43

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстелінде сөйлеген сөзінде энергетика секторы – екі ел экономикасының негізгі қозғаушы күші екенін атап өтті.  

Мемлекет басшысы сондай-ақ еліміз мұнай және газ қорын барлау үшін мол мүмкіндіктер ұсынуға дайын екенін айтты.

«Біз маңызды кен орындарын ашу үшін әлемдегі үздік тәжірибелерді енгізіп жатырмыз. Осыған орай энергетика саласындағы Қатар компанияларын геологиялық барлау, мұнай химиясы, мұнай мен газды тасымалдау, өңдеу жобаларына белсенді атсалысуға шақырамын. Бүгін Power International Holding компаниясымен Қашаған кен орнында газ өңдеу зауыттарының, сондай-ақ Бейнеу – Бозой – Шымкент және Ақтөбе – Қостанай газ құбырларының құрылысы туралы келісімдерге қол қою жоспарланып отыр. Бұл – келешегі зор бастама. Қашағанда тағы бір газ өңдеу зауытын салуға қатысты келіссөздер көп ұзамай нақты нәтиже береді деп үміттенеміз», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңартылатын энергия секторындағы ықпалдастық мәселесіне арнайы тоқталды. Еліміздің бір триллион-киловатқа бағаланған жаңартылатын энергия көздерінің әлеуеті осы саладағы жаһандық ойыншылардың назарын аударды. Жалпы алғанда, олар 43 гигаватт қуат өндіретін бірнеше жобаны жүзеге асыруға міндеттеме алды.

«Nebras Power компаниясының Қазақстанда қуаты 350 мегаватт болатын су электр станциясын салу ниетін, сондай-ақ Pearl Overseas компаниясының қуаты 1,1 гигаватт болатын бу-газ қондырғысын орнату жоспарын жоғары бағалаймыз. Біз осы аса маңызды сектордағы өндіріс, технология трансферті және тәжірибе алмасу бағыттары бойынша серіктестікті жалғастыруға мүдделіміз», – деді Президент.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Катарға мемлекеттік сапары кезінде үкіметаралық және парламентаралық деңгейлерде екіжақты келісімдерге қол қойылды. Оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ, еліміздің энергетика министрлігі және Power International Holding арасындағы энергетика және газ саласындағы жобаларды іске асыру туралы,  «QazaqGaz» ҰК» АҚ мен UCC Holding арасындағы Қашаған кен орнында газ өңдеу зауыттарын салу жобаларын бірлесіп іске асыру туралы келісімдер бар.

Сонымен бірге инвестициялық жобалар бойынша коммерциялық уағдаластықтарға қол жеткізілді. Қатардың Power International Holding холдингі Қашағанда газ өңдеу зауыттарын салу және «Бейнеу – Бозой – Шымкент» и «Ақтөбе – Қостанай» учаскелерінде газ құбырларын салу туралы келісімнің шарттары талқыланды.

Катарлық Nebras Power компаниясы Ертіс өзенде болатын су электр станциясын салуға мүдделілік танытып отыр.

JQ-Aqparat

 

 

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды