jasqazaq.kz

«Қазақстан аруы» жалған дауыс жинады деп айыпталуда (видео)

03 сәуiр 2018, 11:11

«Қазақстан аруы-2018» атанған Әлфия Ерсайын жалған дауыс жинаған деп айыпталуда. 

Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеода жеңімпазға дауыс беру жылдам артып жатқанын байқауға болады. Бұл жайында NUR.KZ хабарлайды.

Ал қазылар алқасының басшысы Ырза Тұрсынзада бес финалға қатысушының қазылар алқасы тарапынан жоғары балға ие болғанын айтты. Тек содан кейін барып, халықтың дауыс беруі басталған.

«Әлфия бұл атаққа расымен де лайықты. Ол 16 жаста. Қарапайым отбасыда дүниеге келген. Ол өз сұлулығымен, жігерімен бірден көзге түсті. Мен қазақтың барлық қызы Әлфиядай болғанын қалар едім», — деді Ырза.
Конкурстың техникалық бөліміне жауап беруші Раим Дадыбаевтың айтуынша, сол күні серверге тіркелушілер саны 70 мыңнан асып кеткен. Сондай-ақ ол әр бес секунд сайын 200 дауыстан артып отырғанын алға тартты. Ол байқаудың әділ әрі ашық өткенін айтып берді.

Айта кетейік, «Қазақстан аруы-2018» Астана қаласында өткен болатын. Байқау қорытындысы бойынша 16 жастағы атыраулық Әлфия Ерсайын жеңімпаз атанып, үш миллион теңге мен «Әлем аруына» жолдамаға ие болды.

Бүгін, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бүгін, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
Бүгін, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
Бүгін, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр