jasqazaq.kz

«Қазақфильм» жаңа жобаларын таныстырды

17 ақпан 2024, 12:28


Қазақ киносының негізін қалаған, аты аңызға айналған Шәкен Аймановтың 110 жылдығына орай «Қазақфильм» киностудиясы жаңа киноөндіріс маусымын ашты, деп хабарлайды Jasqazaq.kz.
Жаңа маусымашарға танымал кино жұлдыздары, режиссерлер, продюсерлер және БАҚ өкілдері қатысты.


«Қазақфильм» киностудиясы көпшілік назарына жаңа жобаларын таныстырып, алдағы уақытта үлкен экранға жол тартатын 9 киножобасын таныстырды. Бұл жобалар Қазақстанның әлемдік кинокартадағы орнын нығайтып қана қоймай, еліміздің мәдениеті мен өнерінің дамуына маңызды үлес қоспақ.


Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті Азамат Сатыбалды: « Қазақфильм» киностудиясының тарихы терең, маңызы зор. Қазір сәл ғана ауырыңқырап тұрған киностудиямызды аяқтан тұрғызуға бар күшімізді салып жатырмыз. Мақсат – жай ғана датаны атап өту емес, көрермендерге дұрыс ақпаратты және биылғы түсірілетін киноларды жеткізу. Көрермен бізден не күтеді, болашақта қандай кинолар түсіріледі, қандай жобалар болады, соның барлығын көрермен біліп отыруы тиіс. Бұл кездесу жыл сайын болатын үрдіске айналады», – деді.


Жаңа «кино маусымының» басталуы сала мамандары үшін де, қалың көрермен үшін де маңыздылығы аталып өтті.
Танымал актер Ерболат Тоғызақов: « Қазақфильм» жаңа өнімдерін көпшілікке ұсынуда. Біз қазақ киносының дамып жатқанына қуанамыз. Төл фильмдеріміздің көбейіп, әлемдік деңгейде танылуына үлес қосуымыз керек. Тың идея, айтар ойы бар жас режиссерлерді де тарту маңызды. Шәкен Айманов қазақ киносының ізін салып кетті. Сол жолды әрі қарай жалғаумыз керек»,- деген ойымен бөлісті.
Іс-шара аясында түрлі сала мамандарының өзара байланысы Қазақстан кинематография қоғамдастығының жаңа міндеттер мен жетістіктерге дайындығын растай отырып, қазақ киносындағы дәстүрлер мен инновацияларға жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Мақпал Ноғайбаева
Суреттер «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы баспасөз қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?