«Қазақфильм» автосалонға айналған ба?

10 қантар, 22:46

Шәкен Айманов атындағы киностудияның аумағында соңғы күндері қытайлық көліктер қаптап тұр. Бүгін актер Қуандық Дүйсенбаев оған наразылық білдіріп, киноның қара шаңырағындағы түйткілді жайып салды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Сыртта жіптей тізілген көліктердің тұрысына қарап, бұл жерді автосалонның тұрағы ма дерсіз. Алайда бір түсті, бір маркалы қытай көліктері қаланың қақ ортасындағы «Қазақфильмнің» аумағында қаңтарылып тұр. Оған рұқсат берген киностудия басшысы Азамат Сатыбалдының әрекеті әріптестерінің шымбайына батқандай. Актер Қуандық Дүйсенбаев алғашқылардың бірі болып әлеуметтік желіде үндеу жасаған. Шәкен Айманов атындағы қара шаңырақтың онсыз да хәлі мүшкіл кезде аумағын оңды-солды пайдалану қисынға келмейді деп күрсінеді.
«Ер жігіт ер жігітті даттамайды, күндемейді. Мен Азамат Сатыбалдының артына түсіп алған азамат емеспін. Өзім осы киностудияда 12 жылдай қызмет етемін. Қазіргі киностудияның жағдайы мүшкіл болып тұр. Оған тікелей басшы кінәлі болады. Павильонның бағасын 250 пайызға көтеріп жіберді. 200 мың теңге болатын. Қазір 750 мың теңге болды. Ал жалға алуда шаршы метрін 100 пайызға көтерді», – дейді актер.
Инстаграмында 700 мың оқырманы бар Сатыбалды қытай көліктерін сатып алуға қатысты соңғы уақытта жиі сторис салып, пост жариялап жүр. Осыдан кейін «Қазақфильмге» үш күн бұрын 100-ге жуық көліктің топ ете қалуын кездейсоқтық дей алмайсың.
«Білдей басшы. Мен елестете алмаймын, мысалы, кезіндегі басшылардан алып көрсек, үлкен басшы автокөлік жарнамалап жүр. Одан да, мысал үшін, киностудияның штаттағы азаматтардың 20-30 пайызын ақысыз демалысқа жіберді.Себебі ақша жоқ дейді. Себеп неде? Киноға қатысы жоқ, өндірісте жұмыс істемеген азаматтарды өзінің командасына алып келді. Қазір вице-президент Назым Есенбековна деген кісі отыр. Кинода бір минут та жұмыс істемеген. Бұл кісінің саясаты, жалпы өсірмеу ғой деймін, киностудияны өшіру», – дейді Қуандық Дүйсенбаев.
Мәселенің мән-жайын білу үшін «Қазақфильм» АҚ президенті Азамат Сатыбалдының өзіне сұрақты төтесінен қойдық. Бос тұрған ғимаратты жалға бергенін растады. Алайда «ол көліктер сатылмайды, таксопаркке тиесілі» деп әңгімені қысқа қайырды. Мұндай қадамға баруына қарамағындағы 178 адамның жалақысын төлеуі түрткі дейді. Расында, киностудияның бюджеті тапшы екенін мойындады.
Азамат Сатыбалды«Қазақфильмнің» президенті ретінде менің басты міндетім — 178 адамның айлығын тауып беру. Жалға берем бе, өзімді сатам ба, жоқ әлде басқа да жұмыс істеймін бе, жалпы менің міндетім. Сондықтан да, мен барынша осындай жұмыстар арқылы, кинодан да басқа жұмыстар арқылы 178 адамның айлығын тауып беруім керек. Бұл кәдімгі таксопарк. Ешқандай да, бұл жерде машина сатылмайды. Бұл автосалон емес», – дейді Азамат Сатыбалды.
«Амалсыз жалға бердік» деген Азамат Сатыбалды келісім-шартқа отырған компаниядан «Қазақфильм» бюджетіне қанша ақша түсетіні жөніндегі сауалды жауапсыз қалдырды.

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу