Қазақ-Өзбек сауда-экономикалық ынтымақтастығы жалғасады

15 наурыз, 23:11

Бүгін Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды. 
Үкімет басшысын Ташкентте Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қабылдады.
Қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары деңгейдегі сенім мен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық әріптестіктің жарқын үлгісі екені сөзсіз.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі жақты тауар айналымы 4,5 млрд долларды құрады.
Екі ел үкіметтері тауар айналымын одан әрі арттыру үшін инвестициялық және өнеркәсіптік жобаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен жүргізілген үкіметтік деңгейдегі келіссөздер сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық, транзиттік көлік және мәдени ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимылды нығайту бойынша қабылданып жатқан шараларға арналды.


«Екі елдің президенттері қазақ-өзбек ынтымақтастығын сапалы жаңа деңгейге шығару міндетін қойды. Тауар айналымын арттыру үшін зор әлеует бар екенін көріп отырмыз, сондай-ақ екіжақты және көпжақты форматтардағы өзара іс-қимылдың жоғары нәтижелеріне жету үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмылдырамыз», — деді Олжас Бектенов.

Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов екі мемлекет басшылары деңгейіндегі сенімді және достық қатынастар стратегиялық әріптестік пен одақтастықты нығайтудың маңызды факторы екенін айтты.
«Екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көп жоспарлы қатынастарды одан әрі кеңейту бойынша нақты міндеттерді айқындады. Осы міндеттерді орындау үшін барлық қажетті шараны қабылдауға дайын екенімді білдіремін», —  деді Абдулла Арипов.

Тараптар өнеркәсіптік кооперация саласындағы елеулі прогресті атап өтті және оны әрі қарай дамытуға зор әлеует бар екенін атап өтті.
Қазіргі уақытта өнеркәсіптік кооперация аясында 13,3 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы $2,6 млрд болатын 60 жоба іске асырылып жатыр. Қосымша 43 жобаның перспективасы да жоғары болып отыр.
Екіжақты сауда әлеуетін одан әрі кеңейтуде «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығына маңызды рөл беріледі.
Сонымен қатар екі ел арасында ауыл шаруашылығы саласында толық өзара түсіністік жолға қойылған.
Келіссөздер барысында Қазақстан Үкіметінің басшысы өңірдегі транзиттік көлік әлеуетін одан әрі арттыру қажеттігін айтты.
Сондай-ақ су пайдалану саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.
Оған қоса Олжас Бектенов қазақстандық тараптың Өзбекстанға 255 позиция бойынша 500 млн доллар сомасына экспорттық жеткізілімдерді кеңейтуге дайын екенін атап өтті.
Келіссөз қорытындысы бойынша Олжас Бектенов пен Абдулла Арипов Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтерінің екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша арадағы ынтымақтастықты кезең-кезеңмен дамыту үшін бар күш-жігерді салуға дайын екенін растады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Премьер-Министрдің баспасөз қызметі

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды