jasqazaq.kz

«Қазақ Мессиі» алғашқы голын салды

23 қантар 2018, 10:13

17 жастағы қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет «Уфа» командасының құрамында өнер көрсетіп, бірінші матчта гол салды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Ойын Кипрдегі оқу-жаттығу жиындарында өтті.

Еркебұлан Сейдахмет Кипрдің «Алка» командасымен жолдастық кездесуде гол соқты. Ол бірінші таймның соңында қарсыластың қақпасына доп салып, есепті 3:0-ге жеткізді.

Қазақстандық футболшы Ресей премьер-лигасындағы клубқа ойнаған алғашқы матчында алаңға оныншы нөмірмен шықты.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 14 қаңтарында 17 жастағы қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет Ресейдің «Уфа» командасындағы жаттығуын бастаған. Ресейлік футболшылар талантты жас ойыншының ойнау мәнеріне тәнті болса керек, оған «Лео» деген есім берген.

Еркебұлан Сейдахмет 2000 жылы 23 ақпанда Тараз қаласында дүниеге келген. «Тараз» футбол мектебінің түлегі.

12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды