jasqazaq.kz

Қатаң шаралар қолданылады: Премьер-министр Үкімет пен әкімдерді ескертті

20 ақпан 2024, 12:57

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет отырысы барысында Премьер-министр жайлы мектептер атына заты сай, оқушыларға ыңғайлы әрі білім беру деңгейі жоғары болуы тиіс екенін атап өтті.

«Олардың барлығы жаңа мектептерге аса мұқтаж өңірлерде салынуы қажет. Оның үстіне, жайлы мектептер атына заты сай, оқушыларға ыңғайлы әрі білім беру деңгейі жоғары болуы тиіс. Олар қауіпсіз және сапалы білім беру ортасына айналуы керек», — деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысының айтуынша, ұлттық жобаны іске асыруда белгілі бір шикіліктер де бар. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы учаскелерді бөлу және жобалық құжаттаманы әзірлеу қарқынын сынға алды. Осыған байланысты барлық проблеманы қысқа мерзімде жою тапсырылды.

«Құрылыс материалдарын, жабдықтар мен жиһаздарды сатып алу ісіне барынша отандық өндірушілерді тарту қажет. Жалпы Мемлекет басшысының жаңа форматтағы мектептер салу туралы тапсырмасын орындау үшін бар күшімізді жұмылдыруымыз керек», — деді Премьер-Министр.

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қорына 1 қыркүйекке дейін 98 мектепті, ал қалған 119 мектепті жыл соңына дейін пайдалануға беруді тапсырды.

«Біз Ұлттық жобаны іске асыру барысын маусым айында қайта қараймыз. Егер жұмыс тәсілі өзгермесе, жауапты тұлғаларға қатаң шаралар қолданылатын болады», — деп түйіндеді Олжас Бектенов.

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?