jasqazaq.kz

Қасымов Ratel мен Forbes-ті тінтуге қатысты түсініктеме берді

03 сәуiр 2018, 12:58

Үкімет отырысы аяқталған соң журналистердің сауалдарына жауап берген ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов күні кеше ғана еліміздегі Ratel мен Forbes Қазақстан басылымдарында жүргізілген тінтуге қатысты түсініктеме берді.

«2018 жылдың 30 наурызында Астана қаласы ІІД-ге Кәкімжанов есімді азаматтан Ratel мен Forbes Қазақстан сайттарында оның намысына тиетін және жалған ақпарат таратылғаны туралы арыз келіп түсті. Бұл арыз сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай мемлекеттік тізілімінде тіркеліп, ол бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 3 бөліміне сәйкес «Жалған мәлімет тарату» бойынша тергеу басталды. Осы орайда айта кеткім келеді, бұл оқиғалардың басталуына 2007 жылы ұзаққа созылған сот даулары себепші болып отыр.

Медеу аудандық соты қарастырған материалдардың негізінде және сот өкімі бойынша жүргізілген сот-физиологиялық сараптама қорытындысы бойынша, арызданушы сілтеме жасаған барлық мәлімет шындыққа жанаспайтын және оның ар-намысын таптайтын мәлімет ретінде мойындалған. Осыған байланысты тергеу жүргізіліп, тұрғылықты мекенжайы мен жұмыс орны бойынша тінту жүргізуге санкция алынып, қазір тергеу органдары барлық қажетті шараны жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша біз барлық мәліметті назарларыңызға ұсынамыз», — деді министр.

Baq.kz

Бүгін, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бүгін, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
Бүгін, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
Бүгін, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр