jasqazaq.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халықаралық күрделі жағдайда күш біріктіру керек

28 қараша 2023, 14:11



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбемен келіссөз жүргізді.
Aqorda.resmi Телеграм-каналы жазғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Фор Гнассингбеге ілтипат білдіріп, оның Қазақстанға тарихи сапары екіжақты қарым-қатынастың жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті.
«Қазақстан Сіздің еліңізбен жан-жақты ынтымақтастықты ілгерілетуге мүдделі. Бұған дейінгі бейресми әңгімелесу барысында біз Қазақстан мен Того арасында ықпалдастық орнату үшін өзара мүддені көздейтін қолда бар мүмкіндіктерді талқыладық.Әрине, елдеріміз әртүрлі құрлықта, әртүрлі аймақта орналасқан. Бірақ бізге қазіргідей халықаралық күрделі жағдайда күш біріктіру керек. Осы орайда Қазақстан мен Того, сондай-ақ басқа да мемлекеттер халықаралық қатынастарды қалыпқа келтіру үшін бір болуы қажет, – деді Президент. Кездесуде Мемлекет басшысы Қазақстан мен Того күш жұмылдыра отырып, алдағы уақытта атқара алатын негізгі салаларды айқындады.  екіжақты және халықаралық күн тәртібін ілгерілету үшін тұрақты диалог орнату қажет.
JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?