jasqazaq.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз даңқты көшпенділердің мұрагеріміз, батыр бабалардың ұрпағымыз

08 қыркүйек 2024, 22:29

Мемлекет басшысы дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бірлік пен татулықтың тойы екенін атады.

«Он жыл бұрын осы жарысты алғаш ұйымдастырған қырғыз бауырларға алғыс айтамын. Бұл ұлттық спорт түрлерінен өтетін әлемдегі ең ірі дода, оны көшпенділер Олимпиадасы деуге болады. Бұл ойындар дала өркениетінің жер жаһанға паш етеді. Спорт өзара құрмет пен сыйластық символы. Спорттың басты миссиясы халықтар достығын нығайту. Қазақстан бүкіл әлемге бейбітшілік пен келісім мекені ретінде танымал. Елімізде түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біз алыс-жақын шетелдермен тығыз байланыс орнаттық. Басқа мемлекеттер де өзара достық қарым-қатынаста болғанын қалаймыз, сондықтан көшпенділер ойындары ынтымағымызды бекемдей түспек. Құрметті достар, Ұлы Дала дүбірі еліміз үшін тарихи оқиға. Сарыарқаның сайын даласы бес күн бойы дүбірге толады. Күллі әлем жұрты нағыз көшпенділердің болмысына куә болады. Бұл бірлік пен татулықтың тойы. Достығымыз мәңгі болсын. V дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ашық деп жариялаймын», — дейді Мемлекет басшысы.

«Көшпенділердің ұлы көші ешқашан тоқтамайды. Мыңдаған жылға жалғасқан осы көш қазір басқаша сипатқа ие болды. Көшпенді өмір салты қайта жаңғырды. Жаһандану дәуірінде ешқандай шекара жоқ. Бір сөзбен айтсақ, қазір заманауи көшпенділер пайда болды. Біз білім алу, жұмыс істеу үшін қоныс аударамыз, басқа елдерге саяхат жасаймыз. Бұл дәуірде біз еркіндік рухын сақтай білуіміз керек. Жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойға сіңіру қажет. Біз даңқты көшпенділердің мұрагеріміз, батыр бабалардың ұрпағымыз. Олар ел мен жерді қорғап ұланғайыр даланы бізге аманат етті. Осы қастерлі мұраны көздің қарашығындай сақтап, жас буынға табыстау бәрімізге ортақ парыз», — деді Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, көшпенділер ойындары игі мақсаттан туындаған бірегей жоба.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі