Қаскелеңде өзен арнасын бұрып жіберіп үй салған

25 қараша 2023, 11:40

Алматы облысының прокурорлары облыс аумағында көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің және коммерциялық объектілердің құрылысына талдау жүргізді.

Талдау нәтижесі бойынша құрылыс нормалары мен ережесін бұзу фактілері анықталды.

Мәселен, 19 нысан бойынша қабылданған шаралардың арқасында (Қонаев — 11, Қарасай ауданында — 5, Талғар ауданында -3) заңсыз алынған бастапқы материалдар кері қайтарылды, яғни құрылыс басталғанға дейін процесс тоқтатылды.

КТК заңсыз құрылысының басталу фактілері бойынша (Қонаев қаласындағы 5 объект және Қарасай ауданындағы 1 объект бойынша) құрылыс салушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, құрылыс салушы Қарасай ауданының Қаскелең қаласындағы өзен арнасын заңсыз өзгертіп, «Orda Town» КТК құрылысын бастаған.

Қабылданған шаралар бойынша уәкілетті орган құрылысты тоқтатты, сотта заңсыз құрылысты бұзу туралы талап-арыз қаралады.

Басқа жағдайда Талғар ауданында құрылысқа рұқсат құжаты жоқ 21 коммерциялық нысан анықталды.

Енгізілген акт бойынша уәкілетті орган құрылыс салушыларды тиісті жауапкершілікке тартуға және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша, оның ішінде салынып жатқан объектілерді бұзу жолымен елді мекендердің құрылыс талаптары мен құрылыс салу жоспарларына сәйкес келмейтін жұмыстарды жүргізуге бағдарланған.

Мысалы, Бесағаш кентінде Алматы-Қорғас негізгі тас жолының бойында жеке тұлға сауда орталығының құрылысын бастады.

Уәкілетті органдардың мәліметтеріне сәйкес аталған құрылыс тиісті жобалау құжаттарынсыз, сондай-ақ құрылыс бақылауы саласындағы органның рұқсатынсыз басталды.

Қазіргі уақытта уәкілетті орган құрылыс салушы құрылыс және рұқсат беру құжаттамасын заң нормаларына сәйкес келтіргенге дейін құрылысты тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдады. Объект қолданыстағы нормаларға сәйкес келмеген жағдайда аталған құрылысты бұзу мәселесі шешілетін болады.

Бұдан басқа, прокуратура актісі бойынша 3 жер учаскесінің нысаналы мақсатындағы заңсыз өзгерістерді сәйкестендіру және заңсыз берілген 48 учаскені тұрғын үй кешендерінің құрылысына қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Экологиялық қорытындысыз құрылыс фактілері бойынша облыстың 3 ауданының және Қонаев қаласының 26 құрылыс салушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды (9 млн теңгеден астам айыппұл сомасы).

Аталған бұзушылықтардан басқа облыстың құрылыс салушылары уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз үлескерлердің қаражатын тартуды жалғастырып жатыр.

Барлығы осындай 23 тұрғын үй кешені анықталды (Қонаев қаласында 9 объект, Қарасай ауданында 5, Талғар ауданында 8, Іле ауданында 1 объект), құрылыс салушылардың ісі сотта қаралып жатыр.

Аталған бұзушылықтарға назар аудара отырып, облыс прокуратурасы салынып жатқан объектіден тұрғын үй сатып алғысы келетін азаматтарға «үлестік құрылыс туралы» заңнаманың негізгі нормалары туралы түсіндіреді.

«Сонымен, құрылыс компаниясын таңдағанда бірқатар құқық белгілейтін құжаттарға назар аудару қажет. Үй салынып жатқан жер учаскесіне меншік құқығы құрылыс салушының компаниясында тіркелуі керек. Сондай-ақ, құрылыс салушының мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамасы және уәкілетті органның құрылысқа рұқсаты болуы тиіс. Негізгі құжат — жергілікті атқарушы органның қаулысы түріндегі үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат. Бұл ретте аталған құжаттардың болуы сатып алушының құқықтарын одан әрі қорғауға және салынған ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» дейді Бас прокуратурадан.

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу