Қарты бар үйдің — қазынасы бар

30 қараша 2023, 12:14

Гүлзира Айдарбековтер кіші ұлы Заңғарды ертіп, қарттар үйіне барды. Бір күн бойы өнерлі жұп ата-әжелердің батасын алып, концерт қойып, сыйлық үлестірді. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

«Қарты бар үйдің — қазынасы бар. “Неменеге қуанасың, бала батыр, қариялар азайып бара жатыр” деген сөздерден-ақ қазақ халқы қариясын қалай құрметтегенін көре аламыз. Осындай мәдениеті бар қазақта, қарттар үйі қайдан пайда болды?! Балаларын өсіріп енді солардың қызығын көреміз, еңбегіміздің зейнетін көреміз дегенде көздері мөлейіп, өздерінің «балаларым келе ме, келмей ме?» деп күтіп отыр. Қарттардың батасын алып қайттық. Елімізде қарттар үйі азайсын, әрбір қарт өз үйінің қазынасы болып отырсын!» – деп жазды продюсер.

Видеодан өнерлі отбасының ән айтып, әжелердің иығына орамал жауып жатқанын көруге болады. Мұны байқаған продюсердің оқырмандарының пікірі екіге жарылды. Бірі игі іс жасадыңыздар” деп қолдау білдірсе, енді бірі берген сыйлықтарын сынап тастады. “Дастархан жайып, құран оқыту керек еді. Бір жапырақ орамал бергенше жанына тәтті қосып беру керек еді” деп жазған желі қолданушысына продюсердің жауабы төмендегідей болды.

«Сіз де пендесіз, біреуден мін іздегенше, тура мен сияқты бас пен қол, аяғыңыз, көз бен құлағыңыз бар, неге барып дастархан жаймайсыз. Менен көрі ақылды екенсіз, ақылды адамның табысы да мықты болуы керек, барыңыз сізде. Есіңізде болсын, адамдарда жан азығы, рухани байлық деген болады, әңгіменің бірі тамақта емес. Биледі, көңіл көтерді, балаша қуанды. Мал сойып, құран бағыштап жесін деп көрсетпей де беріп жүреміз, бірақ Алла разылығы үшін, оны сіз көрмеуіңіз мүмкін», – деп жауап берді.

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу