jasqazaq.kz

Қарақат Әбілдина: «Сен енді қайғы көрдің, енді көк орамал тағып жүр» дегенді естімеппін

22 сәуiр 2024, 13:37

Әнші Қарақат Әбілдина туған күнінде құрбыларына көк орамал таратып, көптің ашуын туғызды. Оқырман қауым, “баласы өлген әйелге көк орамал тартады” деп сынаған еді. Әнші желі қолданушыларын сабырға шақырып, басу айтты.

“Мен көпшіліктің пікіріне мүлдем келіспеймін. Шариғатта, не болмаса қай кітапта жазыпты, «Көк орамал тартуға болмайды» деп? Дәлелсіз сөз – дәйексіз. Мен де үлкен әулетте тәрбиеленіп, біраз нәрсені көрген қызбын. Осы жасыма дейін қаншама адаммен араластым. «Сен енді қайғы көрдің, енді сен көк орамал тағып жүр» дегенді естімеппін, көрмеппін. Одан кейін бұл менің сүйікті түсім”, – деп ақталды өнер иесі.

“Мұндай жағдай болмаған. Алла-ай, беті аулақ, осындай әдемі түсті жамандықпен байланыстырып қоюды түсінбедім. Дәстүрдің де озығы бар, тозығы бар. Өкпе-наз емес емес, достар. «Біреу деген екен, біреу депті» деп әрдеңеден бірдеңе іздеп, өмірді күрделендіріп, оны қорқынышты жағдайлармен байланыстыру дұрыс емес. Әр нәрседен әдемілік көре білейік. Жақсы ойда, жақсы пікірде болайық. Сонда өмір де сізге күліп қарайды, жолыңыз ашылады», – деп кеңес айтты әнші.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?