Қарақат Әбілдина: Қыздар өздері шошаңдап, от басып қалып жатады

12 қантар, 14:47

Әнші Қарақат Әбілдина отандық бағдарламаға сұхбат берген кезінде отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы пікір білдіріп, жас қыз-жігіттерге ақыл-кеңес берді, — деп жазды Stan.kz.

«Қоғамда әйелге қол көтеретін ер-азаматтарымыздың белең алып бара жатқаны жанға батады. Бәріміз де ұл-қыз өсіріп отырмыз. Өзімізді не күтіп тұрғанын білмейміз. Айрандай ұйып отырған отбасының шырқы бұзылып, балалар жетім қалып жатыр. Әрине, жанға бататын дүниелер. Осы келеңсіз оқиғаларды болдырмау екі жасқа тікелей байланысты. Өмірлік серігіңді таңдаған кезде сен оның тегі кім, қай жақтан екенін зерделеп, біраз жүріп, көзіңді жеткізіп, әрі-бері тануың керек. Содан кейін ең әуелі адам өзінің өміріне үлкен жауапкершілікпен қарауы керек. Аяқтарын шалыс баспау үшін өздері қыз болып жүрген кездің өзінде шошаңдамай жүруі керек. Қалай болса, солай жеңіл жүріске салынып, от басып қалып жатады. Сондай жағдайдың салдары жақсы болмайды. Сондықтан да «қызға қырық үйден тыю» деп қазақ бекер айтпаған”, – дейді әнші.

Отбасындағы жанжал кезінде алдымен салмақ әйелге түсетінін атап өтті. Айтуынша, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын нығайтатын әйел көрінеді.

«Әйел – үйдің берекесі мен шығары. Көп нәрсе айналып келгенде әйел затына байланысты. Өйткені әйелдің арқасындағы жауапкершіліктің жүгі ауыр. Қалай айтсаңыз да ол – шындық. Отбасылық қарым-қатынас, бала тәрбиесі, үйдегі тіршіліктің барлығы әйелден сұралады. Бала сабақты жақсы оқымай жатса да, анасы жауапты. Сондықтан да қыздарға, сіңлілеріме от баспау үшін, өкінбестей өмір сүру үшін кішкене өз болашақтарыңызға, өмірлеріңізге абайлап қадам басыңыздар деп айтқым келеді. Әрине, бір адамды толық танып-біліп үлгермейсің, дегенмен де шамалы уақыт жүріп, көз жеткізіп, содан кейін тұрмысқа шықса екен, некелі жарына сүйіп қосылса, сезіммен қосылса екен деймін. Сезім барда сенім пайда болады. Адал таза махаббатпен қосылған екі адам қанша жерден, қандай жағдай болмасын бір-біріне мейірімді, қайырымды, кешірімді болады. Олардың ісі үлкен дау-жанжалға ұласпайды”, – деп түйіндеді әнші.

Желі қолданушылары өнер иесінің сөзімен келіспейтінін жарыса жазып жатыр. “Білгішсініп сайрап кетеді”, “Ешқандай пікірімен келісе алмаймын”, “Қарақатты қолдайтындар тек мектебінің аналары”, “Өзі неге қарапайым жігітке шықпаған”, “Қыздары бар аналар, олай айтпаңыздар”, “Қыдырәліні зерттеп тиіп пе?!”, — деген пікір көп.

Бүгін, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
Бүгін, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу