jasqazaq.kz

Қарағандыда белгісіз ер адам такси жолаушысын атты

28 қазан 2021, 15:38

Қарағандыда кездейсоқ куәгер такси жүргізушісіне араша түсіп, мас жолаушыға бірнеше рет оқ атып жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, оқиға 27 қазан күні кешкісін болған. Тәртіп сақшыларына шабуыл туралы қоңырау түсті. Такси жүргізушісінің айтуынша, клиент жолақысын төлеудің орнына пышақ кезенген. Таксистке біреу көмекке келіп, екеуі әлгі масты көліктен түсірмек болған, мас жолаушы енді екеуіне пышақпен жүгірді. Сол кезде көмекке келген адам травматикалық қарудан бірнеше оқ атқан, – деп нақтылады полиция.

Кейін 55 жастағы мас азамат ұсталды. Оған медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға жатқызылған жоқ. Аталған факті бойынша, ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқ атушының жеке басы анықталуда, – деп толықтырды полиция.

23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды