jasqazaq.kz

Қарағандыда 3 мыңға жуық оқушыға медициналық көмек көрсетілмеген

26 ақпан 2024, 10:17

Прокурорлық тексеру барысында медициналық қызмет көрсетпеу, сонымен қатар жарамдылық мерізімі өткен дәрілік заттарды сақтау фактілері анықталды. 2022 жылдан бастап Қарағанды қаласының мектептерінде 3 мыңға жуық оқушыға медициналық қызмет көрсетілмеген. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы мәлімдеді.

Мектептердің бірінің медициналық кабинетінде аллергиялық және шок реакциясының ауыр түрлерінде шұғыл емдеудің бір бөлігі ретінде қолданылатын, жарамдылық мерзімі өткен, «Преднизолон» ампулалары сақталған.
Облыстың басқа мектептерінде жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілік препараттар табылды.
Қадағалау шараларымен мерзімі өткен дәрі-дәрмектер жойылды, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып, 7000 баланың құқықтары қорғалды.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?