jasqazaq.kz

Қарағанды облысында «Жастар Таза Қазақстан үшін!» экологиялық квесті өтті

13 маусым 2024, 15:23

Қарағанды облысының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын барынша қолдады. Барлық қалалар мен аудандарда тек сенбіліктер, «таза бейсенбі» ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, туған жеріне ұқыпты қарауға бағытталған түрлі іс-шаралар өтуде.

Бұқар Жырау ауданының Ботақара кентінде жастардың қатысуымен экологиялық квест өтті. Шараның мақсаты – қоршаған ортаның ластану проблемасына назар аудару, экоеріктілікті дамыту.

Орталық саябақты тазалауға Доскей және Петровка елді мекендерінің жастары да келді. Квест қатысушыларына жарыстар ұйымдастырылып, ойын түрінде олар тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптауды үйренді. Ең белсенділері сыйлықтармен марапатталды.

— Сәуір айының басында Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» акциясын қазақстандықтар кеңінен қолдады. Бұл өте қажет және маңызды, бірінші кезекте өз жерімізге, өз үйімізге ұқыпты қарауға бағытталған, — дейді жастар көшбасшысы Жанболат Жаңбырбаев. — Квестке қатысушылар ойын арқылы экологияға деген қамқорлық пен тазалықты, табиғатты зерттеуге, қорғауға деген ұмтылысты сақтау және насихаттау қажеттілігін қалыптастырады. Қоршаған ортаға ұқыпты қарау әрқайсымыздың жүрегімізде болуы керек және біздің басты міндетіміз — оны жас ұрпаққа жеткізу.

Бұқар Жырау ауданында «Таза Қазақстан» акциясына 230 ұжым – бес мыңға жуық адам қатысты. 130 арнайы техника жұмылдырылды. 10,5 мың тонна қалдық шығарылды, 44 рұқсат етілмеген полигон жойылды. «Мөлдір бұлақ» апталығында 30-дан астам бұлақ тазартылды.

Өскелең ұрпақтың табиғатқа қамқорлық танытып, жауапкершілігін ояту мақсатында мұғалімдер оқушылармен және ата-аналармен арнайы құс ұясын жасады.

Сондай-ақ, елді мекендерді көгалдандыру бағытында да жұмыстар жалғасуда.

Бұқар Жырау ауданында осы көктемде 5 300-ден астам ағаш егілді. Мысалы, Қарақұдық ауылында жергілікті кәсіпкерлер туған өлкесінің табиғатын жақсарту үшін акция аясында пирамидалы және күміс терек, қызыл шетен ағаштарының 400 көшетін екті. Бұл әлеуметтік жауапкершілік пен патриотизмнің үлгісі.

Экологиялық акциялар әлі де жалғасады, олардың аумағы да кеңейеді. Облыстың әр бұрышы қамтылуы тиіс. Міндет – қалалар мен ауылдарды бірлесіп таза әрі жайлы ету.

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды