jasqazaq.kz

Қаңғыбастар үйінде тұратын сиқыршы көпті тәнті етті (видео)

15 желтоқсан 2017, 16:47


Ақтөбе қаласындағы белгілі тұрағы жоқ және қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларды бейімдеу орталығында сиқыршы зейнеткер тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбедегі қаңғыбастарға арналған орталықтың тұрғындары күн санап артып келеді. Аяз күшейген күні шақырулар көп түседі. Қарапайым тұрғындар көшеде ұйықтап қалып, нан сұрап жүргендер туралы ақпарат беріп, орталық қызметкерлері мобильді топпен тез жетеді. Ал кейбірі өздері іздеп келіп, орталықты паналайды. Қазір мұнда 58 адам жатыр. Көбі ішімдікке әуес, бірнеше жылдан бері көше кезіп, қаңғыбас болып кеткен. Ал кейбірі құжаттарын жасату үшін арнайы мамандардың көмегіне жүгінді. Қаңғыбастар арасында аса дарынды адамдар бар. Сиқыршы Алмас Ысқақов — соның бірі.

Менің хоббиім — сиқыр көрсету. Мен 15 жасымнан бастап икемімді білдім. Үйретіп, көрсетіп, сырын ашқан ешкім болмады. Кітап оқып, журналдарды ақтарып, сиқыр көрсетудің қыр-сырын меңгеріп алдым. Тіпті, Ақтөбеге келген сиқыршылардың қойылымдарынан қалмадым. Сиқырдың түрі көп. Өзім иллюзиялық, математикалық, епті қимыл арқылы көрсетілетін сиқыр түрлерін білемін. Бұл өнерде қолмен жұмыс істей білу маңызды», — деді Алмас Ысқақов. Қария мектеп бітірген соң арнайы білім алмаған. Ауылда мал бағып, құрылыс жұмыстарына араласқан. Облыс орталығына Алға ауданы Тоқмансай ауылынан келген. «Әйелім, бір қызым бар. Қызымның екі баласы бар. Олар Астана қаласында тұрады. Телефон арқылы байланысып, хабар алып тұрамын. Мені өздеріне шақырды. Қазір құжаттарымды түгелдеп жатырмын. Қайта жасаған соң балама барғым келеді», — деді ол.

Сиқыршы көрерменін таңғалдыратын қойылымдарының сырын айтпайды. Сиқырды табыс көзіне айналдыруды да ойлаған емес. Ол өз ортасында, адамдардың сұрауымен, балаларға қызықты дүниелерді ғана сахналайды. Арманы — жиендерін қуантып, қызын баурына басу.

Бүгін, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
Бүгін, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды