Қандас бауыр емес пе?!.

08 ақпан, 11:20

Ата-бабаларымыз “Елге ел қосылса — құт” деп бекер айтпаған. Оның растығына үкіметтің іс жүзінде көзі жететіндей сынақ кезеңі өтті. Тәуелсіздік жылдары бір миллионға жуық қандасымыз елге оралып, еңбек етіп, атажұртында өсіп-өніп отыр.

Тарихи отанына оралғысы келетіндердің ниетіне ешкім шүбә келтіре қоймас. Деректерге сүйенсек, қазір дүние жүзінің 40-тан астам елінде 7 миллионға жуық кандасымыз өмір сүріп жатыр екен. Оларды ертеңгі күні мен ұрпағының болашағы алаңдатып отырғаны да ақиқат. Өйткені, өзге елдерде саны аз қандастарымыздың тілге, білімге және ақпаратқа қатысты бастан кешетін қиыншылығы жетерлік.

Сондықтан үкіметаралық комиссиялардың жұмысында осы өзекті мәселелер ескеріліп, тиісті мемлекеттік органдарға шетелде тұратын қазақтарға қамқорлық жасап, қарасу дербес міндеттелгені жөн деп есептейміз. Әйтпесе,
соңғы жылдары отанына оралып жатқан қандастарымыз бірқатар кедергілерге тап болып жатқаны жасырын емес. Кедергінің кейбірі арғы-бергі дәстүрімізге, кейде өркениет қағидаттарына қайшы да келіп жатады.

Мысалы, атажұртқа оралуға ниет білдіргендерге ДНК мен дактилоскопия тапсыру керектігі квота бөлуді, “қандас» мәртебесі мен азаматтық алуды едәуір киындатып жіберген. Бірқатар өзгерістің нәтижесінде бұрын 5 жұмыс күнінде берілетін қандас куәлігі қазір 35 жұмыс күніне ұзартылған. Ал мұндай куәлігі жоқ қандастар азаматтық алуға құжат тапсыра алмайды.

Қандас мәртебесі бұрын Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы берілетін. Ал қазір кандас куәлігін алу үшін тек “Кұтты мекен” қосымшасы арқылы онлайн өтініш беру керек. Шетелдегі қазақтар (Ауғанстан, Пәкстан, Иран, ҚХР-Синьзянь т.б.) ол қосымшаға оңайлықпен кіре де алмайды.

Тығырықтан шығар жол бар ма?

Осы саланы зерделеген сарапшылардың ұсынысы: қандас мәртебесін Халыққа қызмет көрсету орталықтары және ҚР елшіліктері мен консулдықтары арқылы алуға жол ашу керек.

Оның үстіне бұрын өздігінен көшіп келгендер “Құтты мекен” қосымшасына енбей калған. Сонда атажұртта бірде-бір туысы жоқ бауырларымыз “қандас”мертебесін қалай алмақ?

Осындай орашолақ талаптың кесірінен немесе уақытысында куәлік берілмеуі себепті азаматтық ала алмай, кері көшіп кеткендер де бар көрінеді. Айталық, бір жылдың ішінде Қытай, Монғолия елінен келген 200-ден астам отбасы кері көшіп кетуі жауапты орындарда ешкімді толғандырмағаны қалай?

Әрине, елімізде көші-қон жөнінде қалыптасқан мемлекеттік саясат бар. Ішкі көшті және шетелден келетіндерді жұмысшы күшіне мұқтаж облыстарға бұрып, жайғастырған жөн. Жеңілдіктер белгіленген кезде өңірдің климаттық, әлеуметтік жағдайы ескерілгені орынды. Мәселен, оларға ерекше тәртіппен тұрғын үй, жер бөліп беру жөнінде, керек кәсіпті дөңгелетіп әкетуіне жағдай туғызу туралы аз айтылып жатқан жоқ. Шындығында, шеттен келген бауырларымыз бізбен қандас болғанда, ата-бабамыз аманаттаған кең-байтақ жердің (қала, кент, аудан, ауыл) бір пұшпағын бөлісу әділеттік болмай ма?

Осынау стратегиялық мәселеде тиісті министрліктер жайбарақаттыққа бой алдырғанын жаңарған қоғам түсінбей отыр.
Біздіңше, көші-қон саясатында әділетті Қазақстанның халықаралық тәжірибеге сәйкесетін айқын ұстанымы болуға тиіс. Мұндай қадам қандастарымыздың азаматтық алуын қиындатқан түрлі шектеуді түбірімен жояды. Ол үшін тиісті заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді кезек күттірмейтін маңызды елдік іс деп санаймыз.

Дархан МЫҢБАЙ

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды