jasqazaq.kz

Қанат Ысқақов: Этностардың бірлігін нығайту мәселесінде БАҚ маңызды роль атқарады

25 қараша 2023, 0:07

Алматыда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті сақтау және толеранттылықты нығайтудағы бұқаралық ақпарат құралдарының күш-жігерін біріктіруге бағытталған көшпелі отырысы өтті.

Іс-шараға мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының өкілдері, журналистер, блогерлер, баспасөз хатшылары, мемлекеттік және жеке ұйымдар қатысты.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында бірлігіміз бен ынтымағымызға сызат түсіруге бағытталған кез келген арандатушылықтың табанды түрде жолын кесу қажеттігіне назар аударды. Этносаралық салаға қатысты оқиғаларды жариялау этносаралық қатынастардың одан әрі үйлесімді дамуына орасан зор ықпал етуде. Біздің алдымызда этностардың бірлігін нығайту міндеті тұр, бұл мәселеде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі маңызды», – деді Қанат Ысқақов.

Іс-шара барысында делегаттар Журналистер клубының жұмысын жандандыруға қатысты мәселелерді талқылады.

Сондай-ақ, этносаралық келісімнің өзекті мәселелеріне арналған танымдық семинар-тренинг ұйымдастырылды.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?