jasqazaq.kz

Қалдыбек Құрманәлі: Үш байға шыққан психологтар отбасы құндылықтары туралы айтады!

19 желтоқсан 2023, 11:52

Сазгер Қалдыбек Құрманәлі отандық бағдарламаға сұхбат берген кезінде отбасы құндылықтары туралы сайрайтындар көбейіп кеткеніне шүйлікті.

«Қазір психологтар шықты, өзі үш байға шығады. Бірақ отбасылық құндылықтар туралы айтады. Күйеуіңнің киімін жума, тамақ істеп берме. Ол өзі істеу керек. Сен өзіңді күт, мен тұлғасың деп. Соған ақша төлеп барады екен, кейінгі кезде. Зейнеп Ахметовалар ұлттық құндылықтар туралы әңгіме айтып отырса, мен түсінер едім. Мыналардың өзі жұрт білетін үш байы бар, құдай тілімді жазықты қылмасын. Сөйтіп тұрып, отбасы құндылықтары туралы әңгіме айтады. Айналайын-ау деймін, жүрегімді айнытпаңдаршы деймін. Жүрегім айнып кетеді, сондайдан. Сондай психологтардың өзінің психикасын тексеру керек, кәдімгі жүйкесі ауыратын адамдарды тексеретін адамдарға апару керек», — дейді сазгер.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?