jasqazaq.kz

Қалдыбек Құрманәлі: Бір әйелдің өзінен 10 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққаны дұрыс па?

28 ақпан 2024, 13:02

Танымал сазгер Қалдыбек Құрманәлі “Qasqa Jol” арнасына берген сұхбатында көп әйел алуды қодамайтынын айтты.

“Көп әйел алудың екі-ақ жолы бар. Бірі – еріккендік, екіншісі – әмеңгерлік. Көп әйел алу туралы әңгіме болғанда Бекболат Тілеуханның есімі жиі айтылады. Қазір де соны қозғап отырсың. Ол менің бұрынғы досым болған. Қазір араласпаймыз. Көп әйелге үйленген тойында болмағанмын. Әлеуметтік желі арқылы біліп отырмын. Ұрпақ уланып жатыр. Біреудің төртінші рет үйленіп жатқаны жақсы ма?! Бір әйелдің өзінен 10 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққаны дұрыс па?! Мен сол үшін күйіп-пісемін. Міне, өзің де Бекболат туралы айтқанымды қалап отырсың. Ол саған айлық бере ме?! Мен жамандағаннан ол әйелдерінен бас тарта ма?! Соны айтшы. Өзіне ұнаса ала берсін. Бірақ танымал тұлға ретінде үлгі-өнеге алатын адам емес. Маған десе, әр ұлттан алсын ”, – деді сазгер.

JQ-Aqparat

12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды