jasqazaq.kz

Қалдар Жұмабайқызы: Ана мен бала қамқорлықсыз қалмайды

03 сәуiр 2024, 16:03


Біздің елімізде ана мен баланы қорғауға айрықша мән беріледі. Ана мен баланы қорғауда «Аналар үйі» қоғамдық қоры да өз үлесін қосып отыр. Шымкент қаласы «Аналар үйінің» үйлестірушісі Қалдар Жұмабайқызы jasqazaq.kz тілшісіне қор жұмысы жайлы айтып берді.

— Қалдар ханым, «Аналар үйінің» тыныс-тіршілігімен танысқымыз келеді. Қазір орталықта қанша қыз-келіншек бар? Оларға қандай көмек көрсетілуде?

— Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы «Аналар үйінде» 8 ана мен 7 бала көмек алуда. Оларға медициналық, психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек беріледі. Біздің орталықта тұру мерзімі — 6 ай. Осы мерзімде біз болашақ аналдарды қоғамға бейімдейміз. Ең алдымен бізге келген аналардың жақындарымен тілдесеміз. Әр ананың аяғына тұрып, әрі қарай өз бетімен өмір сүріп кетуіне демеу боламыз. Аяғы ауыр болып қалғанын ата-анасынан жасыратын қыздар бар. Біздің қоғамдық қордың басты мақсаты- әрбір ананы баласынан бас тартқызбау. Біздегі аналар қысқа мерзімді кәсіптік курстардан өтеді, яғни әр ананың мамандық алуына көмектесеміз. Одан бөлек құжат рәсімдеу, балаларын балабақшаға орналастыруға да барынша мүмкіндік жасаймыз. Әлеуметтік жәрдемақы алу жағын да реттейміз. Бізде тұратын аналар жатын орынмен қамтылып, төрт мезгіл тегін тамақ ішеді. Киім-кешекпен, балаларына қажетті гигиеналық заттармен қамтамасыз етіледі.

— Жоба іске қосылғаннан бері қанша қыз-келіншек пен балаларға көмектестіңіздер?

— Былтыр «Аналар үйі» қорының 10 жылдығын атап өттік. Осы он жылда Шымкент қаласындағы «Аналар үйі» 595 ана мен 605 балаға көмек көрсетті. Осы жылдар аралығында бізге келген аналар қор тарапынан жан-жақты қолдауға ие болып, қоғамға бейімделді.

— Қазіргі таңда сіздердің қолдауларыңыз арқылы өз кәсібін ашып, жұмысқа орналасып қоғамға бейімделген қанша қыз-келіншек бар.

— Бізде кәсібін ашып, жұмысқа орналасқан аналардың нақты саны жоқ. Дегенмен біз аналарымызбен кері байланыстамыз. Олардың арасында шағын кәсібін ашып, интернет дүкенін жүргізіп отырғандар бар. Тіпті тұрақты жұмысқа орналасып, қызметі бойынша көтеріліп жатқандары да бар. Кейбір аналар отбасымен қайта табысып, тату-тәтті өмір сүруде. Біздің қордың мақсатын жоғарыда айтып өттім. Бастысы, ана мен бала барлық жағынан қорғалуы керек. Біздің қоғамдық қор республика бойынша жұмыс істейді. Еліміздің әр қаласында филиалы бар. Шымкент қаласындағы аналар үйі қиын жағдайға ұшыраған жас аналарға қолдауды жалғастыра береді.

Сұхбаттасқан Мақпал Махаметқызы
Шымкент қаласы

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды