Қаланың қарымын арттырған құс фабрикасы

01 сәуiр, 19:57

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – маңызды міндет! Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында елімізге сапалы өнімді қажетті көлемде тұрақты ұсына алатын кәсіпорындар қажет екенін атап көрсеткен еді. Президент осы орайда: «Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал. Сонымен бірге өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн», — деген болатын.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Шымкент қаласында ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған кешенді әрі ауқымжды жобалар іске асырылуда. Еліміздің үшінші мегаполисінде 5 мыңнан астам шаруа қожалығы, 50-ге жуық қайта өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді. Жыл сайын 50 миллиардтан астам теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріледі.
Күні кеше Шымқаладағы Еңбекші ауданында жаңа құс фабрикасы ашылды. Кәсіпорынның ашылуына шаһар әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
«Аймар Құс» ЖШС бастапқы кезеңде жылына 72 млн.дана жұмыртқа өндіреді. Бұл тұрғындардың жұмыртқаға сұранысының 42 пайызын қамтиды. Құны 4 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба 50-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.


Жаңа кәсіпорынның жұмысымен танысқан қала басшысы бүгінде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ
Мемлекет басшысының Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар алдына аталған саланы дамыту бойынша бірқатар маңызды міндеттер жүктегеніне тоқталды.
Жаңа құс фабрикасының ашылуы өңірде азық-түлік белдеуінің қалыптасуына оң ықпалын тигізіп қана қоймай, қала тұрғындарын жергілікті өніммен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне кіретін бірінші санаттағы жұмыртқаның бағасын тұрақтандыру мақсатында ашылған «Аймар Құс» ЖШС-мен айналым схемасы тетігі шеңберінде шарт жасалды. Форвардтық шарт шеңберінде серіктестік бірінші санаттағы жұмыртқаны шаһар аумағындағы сауда орындарына белгіленген бағамен өткізеді.
Әлемдік биоқауіпсіздік стандарттарына негізделген ферма тауық жұмыртқасын өндіру бағытында озық үлгідегі кәсіпорын болып табылады.
Еуропалық үлгідегі құрылғылармен жабдықталған кәсіпорында 2026 жылға дейін өндірістің екінші кезеңі іске қосылады. Онда тауықтарға арналған 8 цех және оларды өсіруге өсіруге арналған 1 цех салу жоспарлануда.
Сонымен қатар, 2026 жылға қарай жұмыртқа басатын тауық санын 660 мыңға жеткізу көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде өндіріс көлемін жылына 220 млн жұмыртқаға дейін ұлғайтуға септігін тигізеді.

JQ-Aqparat

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды