Қайырымды іс жаса – қайырлы болар әр ісің

11 желтоқсан 2023, 14:54

Қазақстанда жылына орта есеппен 300-ге жуық адам сүйек кемігін трансплантациялауды қажет етеді екен. Донорды табу мүмкіндігі он мыңға бір деп есептеледі, егер туыстарынікі сәйкес келмесе онда іздестіру ұлттық және шетелдік донорлар тізілімі арқылы жүргізіледі.

Сүйек кемігі донорлары тіркелімі бөлім меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы Сәния Саусақова былай дейді:

«Сүйек кемігін донорлық және трансплантациялық емдеуді дамыту үшін 2012 жылы онкогематологиялық аурулар бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының базасында гемопоэтикалық дің жасушалары донорларының Ұлттық тіркелімі жасалды. 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелімнің саны 10 800 донордан асады және оның саны жыл сайын 1100-1300 адамға өсіп отырады».
С.Саусқованың айтуынша аталған жұмыс қолға алынғалы бері тіркелімнің барлық донорлары Еуропалық иммуногенетика федерациясының (EFI) ұсыныстарына сәйкес жоғары ажыратымдылықпен 5 локус бойынша түр-түрге бөлінді. Бұл қазақстандық тіркелімнің абсолютті артықшылығы, өйткені жоғары ажыратымдылықпен түрге бөлу сүйек кемігін трансплантациялау үшін донорды іздеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Іздеу кезінде жүйе ықтимал донор мен реципиент арасындағы сәйкестіктің пайызын бірден анықтайды.

Тіркелімнің деректер базасында 30-дан астам ұлт өкілдерінің донорлары бар. Өзінің этникалық мазмұны бойынша ол Қазақстанды мекендейтін халықтардың құрамына сәйкес келеді. Тіркелімді қалыптастыруға облыстық қан қызметі ұйымдары қатысады.
2018 жылдан бері науқастарға донорлардың Ұлттық тізілімінен алынып, 11 сәтті трансплантация жасалған көрінеді.
«Донор ретінде сүйек кемігін тапсырудың еш ауыртпалығы жоқ және қауіпсіз, ол тамырдан әдеттегі қан тапсыруға ұқсас, тек көбірек уақыт қажет етеді. Донорға алдымен дің жасушаларының қан қүрамына көптеп өтуін ынталандыратын дәрі беріледі. Бір сөзбен айтқанда дің жасушалардың донорлығы тамырдан қан тапсырумен бірдей. Өз басым бір өмірді құтқаруға себеп болғанымды мақтан етемін. Сіздерді де игілікті іс жасауға шақырамын»,- дейді ағынан жарылған Мұхтар есімді донор.

Донор дің жасушаларын тапсырар алдында тегін медициналық тексеруден өтіп, егжей-тегжейлі кеңес алуы керек. Біз де көпшілікті сүйек кемігі донорларының қатарына қосылуға шақырамыз және егер науқасқа сәйкес келген жағдайда, біреудің өмірін сақтап қала аласыз!
Тіркелімге қосылу үшін тұрғылықты қалаңыздың Қан орталығына хабарласу қажет. Толық ақпаратты SPCT.KZ сайтында немесе +7 (705) 525-0240 телефоны бойынша алуға болады.

Ә.Смайылов

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу