jasqazaq.kz

«Қайрат жоспарында жоқ». Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасы жұртты ойландырып қойды

22 сәуiр 2024, 11:53

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жазғы демалыс кезіндегі жоспарын әлеуметтік желіде бөлісті.

“Тура 1 айдан кейін балалар демалысқа шығыды. Біздің үйде жылдағы дәстүр бойынша жазды жоспарлау процесі басталды. Сезім 10-сыныпты бітіріп жатыр. ҰБТ, SAT, IELTS, тест сұрақтарына бас көтермей дайындалып жүр. Химия және биология бағытын таңдап отыр. Жазда Оңтүстік Кореяға осы бағытта 3 аптаға дайындыққа барады. Сондықтан бізге көп уақыт бөле алмайды. Алау 7 жасынан ALL STYLE бағытында билейді. Өзіне қатты ұнайды. Биыл екінші рет АҚШ-қа Қазақстан атынан жарысқа барады. Нарұл осы жылы хоккейді ат спортына ауыстырды. Сол сәттен бастап қолы қалт етсе, атқа мініп алады. Жазда республикалық жарыстарға қатысамын деп алып-ұшып жүр”, – деп жазды актриса.

Алайда желі қолданушылары балаларының әкесі Қайрат Нұртасты жоспарға кірістірмегенін жарыса жазып жатыр.
“Қайрат жоспарларыңда жоқ па?”, “Жұлдыз Қайратты ойлап, терлемесін”, “Қайраттың жоспарында отбасы жоқ”, “Мың жерден халықтың адамы болғанымен, отбасын бірінші орынға қоюы керек”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?