jasqazaq.kz

Қайрат Нұртас ұсталды

05 шiлде 2024, 10:53

Танымал әнші Қайрат Нұртас бұзақылық бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша айыпталушы болып, 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің telegram-арнасында хабарлады.
«Танымал әнші Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақ бортында жанжал шығарып, салдарынан жолаушы Асылбек Бекқайыров зардап шекті. Ұшақ командирі полиция шақырып, төбелеске қатысқан екі азамат та полиция бөлімшесіне жеткізілді. Нұртасқа қасақана жеңіл зиян келтіру және бірнеше рет ұсақ бұзақылық жасағаны үшін хаттама толтырылды» делінген хабарламада.
Журналисттің айтуынша, әншіге қатысты қатал жаза қолданылуы мүмкін.
«Нұртасқа қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі — «Әуе кемесінің бортында жасалған бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баптың санкциясында айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған» делінген хабарламада.

Қайрат Нұртас түнде Шымкентте ұсталды. Көліктегі полиция департаменті әншіге қатысты «Алматы-Астана» рейсінің бортында ұсақ бұзақылық жасап, қасақана денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады. Материалдар қарау үшін сотқа жіберілді.
Бұл Қайрат Нұртастың жанжалдың ортасына түсуі бірінші рет емес. Жақында атыраулық мейрамхана қожайыны оны сәтсіз өнер көрсеткені үшін алған авансын заңсыз пайдаланды деп айыптап, сотқа берді. Бірақ ол сотта жеңіліп қалды. Сахнада орынсыз жүріс-тұрысы мен жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әртіске де бірнеше рет айыппұл салынды.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?