Қайрат Нұртас: Мен жәбірленушімін

05 шiлде, 14:14

Астанада Қайрат Нұртасқа қатысты баптар бойынша сот процесі басталды әншінің өзі сотқа онлайн қатысып, өзін жәбірленушімін деп жариялады, деп жазды Stan.kz.
Сотта Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 434-бабының 2-бөлігі («Ұсақ бұзақылық бір жыл ішінде қайталап жасалған») бойынша іс қаралды.

Сот процесіне Қайрат Нұртастың ресми өкілі болып інісі Аян Нұртас пен анасы Гүлзира Айдарбекова қатысып отыр.
«Мен ұрған жоқпын, әуелі мені соққыға жықты», – деп жауап берді ол. Әртіс төбелестің неден басталғанын айтып берді.
«Ол екеуміз дос болғанбыз. Төртінші шілдеде тойға шақырды. Мен барудан бас тартып, балағат сөздер айттым. Ал ол бармасаң, аяғыма жығыл деді. Сосын мені басымнан алып, бірінші болып ұрды. Сосын мен де ұрдым. Бірақ тәртіпті бұзған жоқпын. Бұл жерде мен жәбірленушімін. Ол бірінші бастады. Мені ұрғаннан кейін ғана ұрдым. Жарақатты бәріміз алдық, ең бастысы тыныш отырдық қой. Ұшақта кездесіп қалған кезде, мені бірінші ұрды. Менде қарап тұрмай, оны да бір-екі рет ұрдым. Бұл жөніндегі кінәмді толығымен мойындаймын», — деді Қайрат Нұртас.
Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, Аслан есімді ер адаммен баласы екеуі бұрыннан жақын таныс әрі дос екенін мәлімдеді. Анасы баласына сот тарапынан сұрақтар қоймауын талап етті.

Ал Аслан есімді жәбірленуші өз тарапынан мән-жайдың қалай болғанын айтып берді.
«Мені жерден алып, жерге салып боқтаған сөздері де бар. Таңертең тұрып ортақ достарымызға хабарласып, ол неге мені боқтады, ренжулі ме деп сұрадым. 4 сәуір күні жолға шықтым, сол кезде ұшақта Қайратты көрдім. Сосын неге боқтадың деп сұрадым. Мені бортсерік алып кетті. Сол кезде мені Қайрат ұрды. Сосын екеуміз ұшақ ішінде екі жаққа отырдық. Ұшақтан түскен соң полиция екеумізді алып кетті», – деді жәбірленуші.

Асланның айтуынша, бортсерік Қайратты емес, оны жібермей ұстап отырған.

“Бортсерік мені ғана байлап ұстады. Қайратты халықтың баласы болған соң қолдады ма, білмедім?. Мені ғана байлап, мені ғана тыныш отырғызды. Менің тарапымнан бұзақылық болды деп есептемеймін. Қайрат тарапынан тәртіп бұзушылық болды деп есептеймін. Әнші маған неше түрлі балағат сөз айтты. Айдарбековке арыз шағымым жоқ.

Әкімшілік істі қысқартуды сұраймын», – деді жәбірленуші.
Сотқа әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова екі жақта бір-біріне кешірім беру керек екенін айтты.
«Бір-біріңе кешірім берулерің керек. Алып бара жатқан мұрның сынған, басың қанаған, көзің шыққан ештеңе жоқ. Екеуің де маған бөтен адам емессіңдер, сен де маған балам сияқтысың», – деді Айдарбекова.

Қайрат Нұртастың анасы ұлына айыппұл салуды сұрайды. Гүлзира Айдарбекова жанжалға ұлы да, жәбірленуші де кінәлі деп санайды. Ол ұлына қамауға алудың орнына әкімшілік айыппұл салуды сұрайды. Әншінің гастрольдік сапарлары бар деп алға тартады. Прокурор әнші Қайрат Нұртасты 15 тәулікке қамауды сұрады.

JQ-Aqparat

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде