jasqazaq.kz

Қағаздағы қырық көліктің қай-қайсысы да таза емес…

14 наурыз 2024, 10:41


Қаржы мониторингі агенттігі еліміздегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын (АвтоЦОН) жаппай тексеруді бастады. Себебі соңғы уақытта қулығына құрық бойламайтын қулар шетелден әкелінген жүк көліктері мен автобустарды утиль алым мен алғашқы жарнасыз заңсыз тіркеуге қойып, қалталарын қампайтқан екен. Құзырлы органның мәліметінше тек 2022-2023 жылдар аралығында мемлекетке 14 млрд теңгеден астам залал келген. Қазір осындай қылмысқа қатысы бар деген күдікпен АвтоЦОН және лауазымды тұлғалардан құралған 59 адам тергеліп жатыр.

Утиль алым мен алғашқы тіркеудің қымбаттығы қарапайым жұртты қылмысқа итермелеп жатқаны жасырын емес. Бір жапырақ қағаз үшін миллиондап теңге төлегенше, тиісті органдардың мұртын майлап, көлік рәсімдеу елімізде жиіледі. Мәселен, өткен айда Көкшетауда 68 көлікті жалған құжатпен тіркеуге қойған топ ұсталды. Олар шетелден әкелінген 68 машинаны көк тиын төлеместен “қазақ” қылып құжат жасатқан. Осы арқылы шамамен 500 млн теңге үнемдепті. Бірақ Қаржы мониторингі агенттігінің қақпанына түсіп қалған.

Бұл жағдай қымбат утильді айналып өтудің басы да соңы да емес. Өткенде Қонаев қаласында қырыққа тарта фураның дәл осы схемамен тіркеуге қойылғанын жазғанмын. Алматы облысындағы процессингтік орталық пен АвтоЦОН қызметкерлері ескі жүк көліктерін жалған құжат арқылы жаңартумен айналысқан. Бұл сөзімді дәлелдейтін қызық бір құжат қолыма түсті. Ол жерде 2023 жылдың қазан-қараша айларында заңсыз рәсімделген 40 фураның тізімі жазылған. Яғни, Алматы облысының әкімшілік полициясы мен АвтоЦон қызметкерлері (бәрі емес шығар) өртеніп кеткен, соғылып, жүруге жарамсыз болып қалған жүк көліктерінің құжаттарын пайдаланып шетелден әкелінген фураларды тіркеуге қойған. Мұндағы мақсат утиль алым алғашқы тіркеу жарнасынан ақша үнемдеу екен. Өйткені жүрілгеніне бес жылдан асқан жүк көліктерін тіркеу құны қазір 8 млн теңгенің төңірегінде. Ал, көлік жаңа болса небәрі 800 теңге төлеп, тіркеуге қоюға болады. Сондықтан артық шығындалғысы келмейтін пысықайлар ескі көліктерінің құжатын мейлінше жаңаартып, жасартып жаздырып алуға тырысады екен.

Мәселен, 2013 жылғы VOLVO фурасын тіркеу құны шамамен 10 млн теңге болады. Егер жолын тауып, оны кемі 2017 жылғы деп құжаттарын қолдан жасасаң небәрі 4 млн теңге төлеп тіркеуге қояды екенсің. Алты миллион теңге қалтаңда қалады. Танысы бардың «шансы» бар деген осы. Ал, осындай қызметі үшін автоЦОН мен әкімшілік полиция басқармасындағы жауаптылар 2 миллон теңге жуық ауызбастырық алатын көрінеді. Тіпті кейбір пысықайлар, жүк көліктерінің VIN кодын, түр-түсін тіпті қозғалтқыш көлемін өзгертіп жаздырыпты.

«Мына қағаздағы қырық көліктің қай-қайсысын тексерсең де таза емес, шикілік табылады»-дейді осы тізімді жіберген дерекөз. Демек жекелеген адамдардың жеке бас пайдасы үшін қазына миллиондардан қағылып жатыр. Бір айда шамамен 500 миллион теңге бюджетке емес бәз біреулердің қалтасына кетеді екен. Енді мұндай жағдайды болдырмас үшін Қаржы монитрингі агенттігі базаға жалған ақпарат енізуге болмайтын жүйе жасалады дейді.

-«Автокөлік құралдарын ел аумағында одан әрі заңсыз аляқтық схемалармен тіркеуді болдырмау мақсатында агенттік ақпараттық жүйлерді айналып өтіп, деректерді қолдан енгізу мүмкіндігін болдырмау жөнінде шаралар қабылдады. Азаматарға арналған үкіметпен бірлесіп, мемлекетік корпорация қызметінің қағидаларына заңанамлық негізде тиісті өзгертеулер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде»- деді ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Диас Нұрақын

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды