jasqazaq.kz

Кезекті қаржы пирамидасы: тұтыну кооперативінің атын жамылғандар сотталды (Видео)

20 желтоқсан 2023, 12:18

Атырауда «QazHome» тұтыну кооперативінің атын жамылып, қаржы пирамидасын ұйымдастырған қала тұрғындары тиісті жазасын алды.
Олардың заңсыз әрекетін ҚМА Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері әшкереледі.
Ұйымдастырушылар азаматтарға жылжымайтын мүлік береміз деген желеумен қаржы пирамидасына ақша салу ұсынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде кооперативтің қызметіне 300-ге жуық салымшы тартылған, оның ішінде тек 35 адам ғана өтініш беріп, бұл өтініштер бойынша келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгеден асатыны анықталды.
Сот үкімімен «QazHome» тұтыну кооперативінің басшылары кінәлі деп танылып, әрқайсысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
ҚМА ел тұрғындарын тағы да ескертеді: өз қаржыңызды инвестициялағанда компанияның сенімділігін тексеру қажет. Осы мақсатта «Baiqa, piramida!» телеграм боты жұмыс істейді. Сондай-ақ ҚМА сайтында қаржылық пирамидалардың тізімі жарияланған.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?