Кезексіз микрофон, редактурасыз ұран

14 ақпан 2020, 16:11

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік жұрттың жанына батты. Ауызбірлік пен ынтымақ сынға түсті. Болашақта мұндай кесапат қайталанбауы үшін не істеу керек? Қоғамда қызу талқыланып жатқан тақырып осы төңіректе.
Қордайдағы оқиға бәріміз үшін сабақ болуы тиіс. Жұртты дүрліктірген оқиға жөнінде пікір білдірген қоғам қайраткерлерінің пікірі осыған келіп саяды. Біз осы орайда сарапшылардың пікірін оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Ермек Тұрсынов, кинорежиссер:

– Әй, бала, – деуші еді ұстазым (Герольд Бельгер – Е.Т.), – есіңде болсын, жаман халық болмайды, жаман адам болады. Табиғатта да солай емес пе: гүл бар жерде арамшөп те бар. Ал арамшөп кез келген жерде өседі.
Әлеуметтік желідегі байбалам мен кейбір «арамшөптердің» адам қайғысын желеулетіп ұпай жинап жатқанына қарап, Герағаның айтқаны дұрыс екеніне тағы да көз жеткіздім. Жаман ұлт болмайды, жекелеген кейіпкерлер бар. Жексұрын! Адам емес! Ең өкініштісі, ондайлар барлық жерде өмір сүреді. Қазір арандатып жатқан да дәл солар. Отқа май құйып, шірік идеяларымен «аттандай» түседі.
Иә, бәлкім, біреулердің қаны басына бір-ақ шықты. Бірақ қайткенде де, арандатушылардың болғаны хақ. Ендігі жерде ақылды адамның ашуын басып, сөзге құлақ асқаны жөн. «Қазақ сөзге тоқтаған халық» демеуші ме еді? Меніңше, бұл тек қазақтарға ғана емес, осында өмір сүретіндердің бәріне қатысты.
Бүгін бүкіл әлем коронавирустың таралуына үрейленіп отырғанда, мені біздің еліміздегі маргиналдық көңіл-күй көбірек алаңдатады. Мәдениеттің жаппай құлдырауы барлық нәрсеге әсерін тигізді. Біздің заман маргинал дәуірі ретінде есте қалады. Олар барлық салада. Саясатта, бизнесте, мәдениетте, тіпті ғылымда да. Бандерлогтардың жан басына шаққандағы саны шектен асып кетті. Біз бір жабайылықтан екіншісіне өттік. Мұндай жағдайда қой қойшыны құдай деп, ешкіні оның өкілі санайды. Ал ешкіге бәрібір. Ол жайылымға ғана емес, қырғын сойқанға да бастауы мүмкін. Осыны жадымызда сақтайық.
Шынымды айтсам, біздің күнделікті тіршіліктен жанашырлық, аяушылық, ізгілік, қайырымдылық сияқты ұғымдардың жойыла бастағанына шошына қараймын. Өмірден олар жоғалса, адамның санасынан да өшеді. Бүгін біздің бойымыздағы еститін, көретін, түйсініп сезетін сенсорлық каналдар толассыз шумен бітеліп қалған. Әлеуметтік желі деген не? Кезексіз микрофон. Редактурасыз ұрандар. Бәрі бір мезетте, әрі тамағын жыртып, айқайлап сөйлейді! Азан-қазан. Бірдеңені ұғу мүмкін емес . Кезінде Александр Дюма «Айналада қуыс кеуде көп болған сайын, олардың шуынан құлақ тұнады» деп еді. Міне, осындай шудың ішінде өзімді еститіндерге қаратып айтқым келеді.
Қазір жүрегіміз үнсіз, ал аузымыз жабылмайды. Тіл құрғыр «батыр, өжет, қайсар, жемісті, жаңашыл және тағы басқа болу керек» деп сайрайды. Бірақ ешкім де ақылды, ізгі, қайырымды, ризашыл болу керек демейді. Бұлар тек ислам немесе христиан уағызы емес. Бұл – жалпыға бірдей мызғымас қағида.
Неліктен сүйіспеншілік (махаббат) пен қайырымдылық? Себебі олар біріктіреді. Менің еркімде болса, жұлдызсымақтардың әбден мезі болған телевизиялық шоуларын таңертеңге ауыстырып, прайм-таймды мүгедек балаларға арнайтын едім. Инстаграм мен Фейсбуктегі түкке тұрмайтын біреулердің жеке өмірін тәптіштейтін сандырақтың бәрін өшіріп, оның орнын онкологиялық кеселге ұшыраған науқастың тіршілігі туралы мазмұнды әңгімемен толтырар едім. Не болмаса, микрофонды паралимпиадашыларға ұстатып, күнделікті емен-жарқын әңгіме-дүкен құратын едім. Мәселен, мүмкіндігіңнің шектелуі адам қалпында қалуға қалай көмектесетінін білгім келеді.
Сондықтан адам қалпымызды сақтайық. Фазыл Искандер «Адам парасатты болуы керек. Бұл қандай да билік кезінде жүзеге асады. Парасаттылық батыр болу емес, аярлық жасамау дегенді білдіреді» деген.
Тырысып көрейікші. Біз осында өмір сүреміз. Балалар бен немерелерімізді өсіруіміз керек. Қандай ұлттың өкілі екеніміз маңызды емес. Біз – әр түрліміз. Бірақ бәріміз бірдейміз.


Нұртөре Жүсіп, Сенат депутаты:  Қазақ болайық!

Айдос Сарым, саясаттанушы: Әрбір минутын зерттеуіміз керек

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген