jasqazaq.kz
Ақпарат агенттігі

Қазақ болайық!

14 ақпан, 16:08
917

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік жұрттың жанына батты. Ауызбірлік пен ынтымақ сынға түсті. Болашақта мұндай кесапат қайталанбауы үшін не істеу керек? Қоғамда қызу талқыланып жатқан тақырып осы төңіректе.
Қордайдағы оқиға бәріміз үшін сабақ болуы тиіс. Жұртты дүрліктірген оқиға жөнінде пікір білдірген қоғам қайраткерлерінің пікірі осыған келіп саяды. Біз осы орайда сарапшылардың пікірін оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Қазақ болайық!

Нұртөре Жүсіп, Сенат депутаты:

Біз елдік, мемлекетшілдік құндылықтарды бірінші кезекке шығара алмай келеміз. Ел болған соң телі мен тентек болмай тұрмайды. Тезге салатын кім? Мемлекет! Дауласуға болады. Айтысайық. Тартысайық. Қызыл кеңірдек болып, өз пікірімізді дәлелдеуге тырысайық. Тіпті жағаласайық… Жауласуға болмайды! Жағалассақ та жаға жыртысуға, оның артынан адам өлтіруге болмайды. Айтысып, тартысып, келіп-келіп қай жерде тоқтауымыз керек? Мемлекет деген жерде! Қазақ мемлекеті болмаса – біз кімбіз? Кімге сөзіміз жүргендей? Кімге басымызды көтеріп, кімге тура қарай алғандаймыз? Еңсемізді осы ел – өз мемлекетіміз үшін көтеріп жүрген жоқпыз ба?
Бәріміз үшін ең қымбат құндылық – Қазақ елін, қазақ мемлекеттілігін жоғалтып алмауды ойласақ. Осы қаперде тұрса! Айналамыздағы мысықтілеу мемлекеттердің ойыншығына айналып кетпеудің амалын жасасақ. Бір мезет бәріміз тоқтасақ. Ойлансақ. Ары қарай қалай болады? Қираған дүние-мүлік қалпына келер. Алаң көңіл басылар. Тыныштық орнар. Төгілген қанның өтеуі қайтсе табылады? Тыныштықтың керегі жоқ па бізге? Дүрдараз қауым қайта жараса ма? Әлде ырың-жырың жалғаса бере ме? Береке мен бірлік – Мемлекеттің мемлекеттік тілінде! Бір тілде сөйлейтін, бір тілде түсінісетін қоғамды орнықтыра алмасақ, Абай айтқан «бас-басына би болған өңкей қиқым» деңгейінен аса алмаймыз. Қазақ – төзімді, шыдамды ұлт. Талай қиындыққа шыдадық. Намыстан жаралған халықпыз. Ендігі таңда елдік намыс жолында болайық! «Жалқау қазақ, бейқам қазақ, епсіз қазақ» деген сөз келтірмейік! «Жауыз қазақ» деген жаман атқа қалмайық! Бірінші кезекте әр қазақтың баласы өз отбасын дұрыстауға ұмтылса деймін: ұлың бетімен кетпесін, қызың шектен шықпасын, үлкеннің сөзі аяқ астында қалмасын; мынау жалпақ елді толтыратын ұрпақ жалғассын, солардың дені сау, білімді, иманды болып өсуін қадағаласын; әр әулет тіршілік көзін – кәсібін, нәсібін тек еңбектен тапсын; атқа мінген азаматтарды аяқтан шалудан, айтаққа еруден, қызылкөз қызғаныштан, дабыра мен даңғазадан, ысырап пен қанағатсыздықтан сақ болсақ! Бір-бірімізге тек «болсын» дейікші! Қап-қоржынымызға береке толсын дейікші! Бір кезде «Қазақ қазаққа болыспаса, сол қайғы» деген мақала жазып едім. Мынадай сабырдың суы сарқылып, абыр-дабырдың ахуалы орнығып тұрған шақта сол сөзімді тағы да қайталағым келеді. Өзімізді елдің қоры деп сезінбейік. Өзімізді елдің зоры деп те сезінбейік. Қазақ болайық!


Айдос Сарым, саясаттанушы: Әрбір минутын зерттеуіміз керек

Ермек Тұрсынов, кинорежиссер: Кезексіз микрофон, редактурасыз ұран

06 шiлде, 11:22
Тағдыры талқан болғандар...
06 шiлде, 10:46
Ұйымдастыру жағы ақсап тұр
26 маусым, 11:43
Фейкпен күн көретін сайттар бар
26 маусым, 11:39
Қазақ басылымдары қайтсе көгереді?
26 маусым, 11:35
Сотқардың сазайын берген балуан
26 маусым, 11:29
Ұпайды бейнетсіз табу
26 маусым, 11:17
Жекеменшік БАҚ-қа қамқорлық қажет
26 маусым, 11:07
Түрікті танымал еткен «Байрактар»
Серіктестер жаңалықтары