Өз әкесінің мәйітін төрт ай бойы жерлемей, балконында сақтаған Павлодар тұрғыны әшкере болды. Мәйіттің жағымсыз иісін байқаған көршілері полицияға хабар берген. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Экспресс К» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Пәтер иесі ұзақ уақыт есігін ашпай, қарсылық көрсеткен. Ақыры құтқарушылар есікті бұзып кіреді. Сол сәтте ер адам қылмысы әшкере болғанын ұғып, бесінші қабаттан секіріп кеткен.
Көптеген сынық жарақаттарын алған азаматты емханаға жеткізді. Ол қатты мас болған.
Тұрғын 77 жастағы әкесі қаңтарда қайтыс болғанын, алайда оны жерлеуге ақша таппағанын алға тартты. Ол жерлеуді ақша жиналғанға дейін кейінге шегеруді ұйғарыпты. Ал сол арада әкесінің мәйітін балконға жасырса, ешкім байқамай қалады деп сенген.
Дәурен Дакиннің материалынан аударылды.