jasqazaq.kz

Әкесі Димашты қытай қызына “үйлендіріп қойғандарды” жауапқа тартуды талап етті

25 қыркүйек 2017, 11:20

Қанат Айтбаев ұлы Димаш Құдайберген туралы жалған ақпарат таратқан әлеуметтік желідегі парақшаны заң жүзінде жазалауды талап етті, деп жазады Stan.kz.

Facebook желісіндегі қалың көрермені бар атышулы топтардың бірі шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан. Автор Димаштың қытай қызына үйленетінін хабарлап, жерден жеті қоян тапқандай жар салған. Өз кезегінде оқырмандардың бір тобы мұның жалған екенін бірден түсінсе, екіншілері неше түрліні жазуда.

Бұл жайт Димаштың әкесі Қанат Айтбаевтың шамына тисе керек-ті, ол саналы түрде жалған ақпарат таратқандарды қылмыстық кодекс бойынша жазалауды сұрады.

“Қазақстан Республикасының Бас прокурорының назарына! Ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мақсатты түрде жалған ақпарат таратып отырған төмендегі сайтты жəне əлеуметтік желідегі топты ҚР ҚК 274 статьясына сəйкес жауапқа тартуды сұраймын! “Жаға ұстатты” тобы, “Жұрт не демейді” тобы”, – деп жазды Қанат Айтбаев желідегі парақшасында.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда