jasqazaq.kz

Кемероводағы өрттің алғашқы минуттары түсірілген видео жарияланды

31 наурыз 2018, 16:16

Кемеровадағы «Зимняя вишня» сауда орталығында болған өртте отбасынан айырылған Игорь Востриков өрт басталған алғашқы минуттар түсірілген видеоны әлеуметтік желіде жариялады.

Видеодан орталықтың дәлізін көруге болады, кинозалдар сол жерде орналасқан. Көрермендерге өрттің басталғаны туралы хабарланады және олар асықпай шыға бастайды. Алайда бірнеше секунд ішінде дәліз қалың түтіннен көрінбей қалды, адамдар сол кезде ғана жүгіріп, қаша бастайды. Игорь Востриковтың айтуынша, екі кинозалдағы адамдар шығып үлгерген. Ал, көрермендері қаза болған залдың есігі бастапқыда ашық болып, түтін шыққанда жабылып қалған, сөйтіп олар ғимараттан шыға алмады.

Еске сала кетейік, Кемеровадағы «Зимняя вишня» сауда орталығында 25 наурызда өрт болып, 64 адам қаза тапты, олардың арасында 41 бала бар. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

tengrinews.kz

25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр