jasqazaq.kz

Каспи банкті тонағандардың қалай қашып кеткені түсірілген видеоны жарияланды

22 тамыз 2017, 15:05

Kaspi bank өкілдері банктің Талғардағы бөлімшесін тонағандардың қалай қашып кеткені түсірілген видеоны жариялады.

Видеобақылау камерасындағы жазбадан банктің кассасы көрінеді. Бетперде киген қарақшылар шатырдан қарумен басып кіріп, банк қызметкерлерін байлап тастайды. Сондай-ақ, олар кассадағы ақшаны алып кеткен. Толық видеода шабуыл жасағандардың шатыр арқылы қашқаны бейнеленген. «Оқиға кезінде банкте клиенттер болмаған. Абырой болғанда, қызметкерлердің ешқайсысы зардап шекпеді. Банк қызметкерлері дабыл батырмасын дереу іске қосты және мәліметті құқық қорғау органдарына берді. Банктің қауіпсіздік қызметі құқық қорғау органдарымен белсенді әрекеттестік жасап, әржақты мәлімет беріп жатыр, сондай-ақ, қылмыскерлердің қайда екенін анықтауға септесіп жатыр. Шығын көлемі нақтыланып жатыр», — деп хабарлады банк өкілдері. Еске салайық, бұл оқиға бүгін, 22 тамызда, таңғы уақытта болған. «Қылмыс бүгін таңғы уақытта тіркелді. Оқиға орнында Талғар ІІБ мен Алматы облыстық ІІД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Kaspi bank бөлімшесіне шабуыл жасалған», — деп хабарлаған еді осыған дейін Алматы облыстық ІІД өкілдері.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда